КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚАНАТ ЖАЙҒАН ҚАЗАҚСТАН
2010-шы жылдардың басында мемлекет азаматтарды бизнес-бастауларға және іскерлік белсенділікке барынша тарта бастады, ал 2012 жылы енді 30%-тен астам қазақстандық шағын және орта бизнеспен айналысатын болды. Бүкіләлемдік банктің Doing Business – 2013 рейтингінде Қазақстан 185 елдің арасында 49-шы орын алып, көш басындағы 50 елдің қатарынан көрінді.
2013 жылы қыркүйекте «Атамекен» одағы» Ұлттық экономикалық палатасы базасында Кәсіпкерлердің Ұлттық палатасы құрылды. Оның басты міндеті – бизнес өкілдерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Бұқаралық кәсіпкерлікті қолдауға байланысты 2010–2017 жылдары «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 350 миллиард теңге бөлінді. Ал бағдарламаға қатысушылардың өніміне 8,5 триллион теңгеге өніп өндіріп, миллионның үштен біріндей жұмыс орнын сақтап қалуға көмектесті. 2016 жылы шағын және орта бизнес еліміздің ІЖӨ-сінің төрттен бірін қамтамасыз етті. Бұл секторға 1,1 миллион адам тартылды,
ал жалпы бұл салада 3 миллионнан астам адам жұмыс істеді. Осылайша жаппай кәсіпкерлікті қолдау саясаты өзін-өзі толық ақтады.
Кәсіпкерлерге қызмет және қолдау көрсету орталықтары оларға қаржылай емес көмек көрсетуді қамтамасыз етті. 2013 жылмен салыстырғанда шағын және орта бизнесті тексерістер екі есеге жуық қысқарды.
2015 жылы Global Entrepreneurship Monitor бүкіләлемдік рейтингінің сарапшылары қазақстандықтардың кәсіпкерлік белсенділігін жоғары бағалады. Еңбекке жарамды халықтың 11%-і өзінің жұмысын жандандырғысы келеді. Бұл – рейтингтің 29 позициясы. Салыстырмалы түрде алатын болсақ, Испаниядағы, Нидерландыдағы, Малайзиядағы кәсіпкерлік белсенділіктің деңгейі 7%-тен аспайды.