БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ — ЕЛ АЙНАСЫ
2010-шы жылдардың алғашқы жартысында бұқаралық медиа сферасы қарқынды түрде жаңғырды. 2011 жылы Астанада алдыңғы қатарлы мультимедиалық «Қазмедиа орталығы» телерадио кешені ашылды. Оның
студиялары ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес жаңалықтар дайындау, ток-шоу, сериалдар түсіру, дыбыс жазу, радио хабарларын таратуға арналған заманауи құралдармен жабдықталған.
2012 жылы тәулік бойы жұмыс істейтін «24.KZ» жаңалықтар арнасы және «Бiлiм» телеарнасы жұмысын бастады. «Балапан» арнасының және «Мәдениет», сондай-ақ жаһандық «Kazakh TV» (2012 жылға дейін – «Caspionet»)
арналарының хабар тарату сапасы артты. 2013 жылдың шілде айында жанкүйерлердің ұзақ күткен алғашқы спорт арнасы «Kazsport» іске қосылды, ол дереу ең басты әлемдік және қазақстандық спорт оқиғаларын тікелей
көрсете бастады. 2016 жылы Kazakh TV мен «Білім және Мәдениет» біріктіріліп, эфирге «Kazakh TV» деген атпен қайта шықты. Мерзімді баспасөз де өз позициясын нығайта бастады: 2017 жылы тіркелген БАҚ саны 3 мыңға
жетті. Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары жаңғыртылды, жетекші газеттер мен журналдар өз келбеттерін өзгертіп, жаңа дамуға ие болды.
Қоғамдық сананы жаңғырту үдерісінде ақпараттық міндеттердің күрделене түскенін ескере отырып, 2016 жылы мамыр айында Елбасы Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігін құру туралы
шешім қабылдады.
Шетелдік аудитория үшін Қазақстанның тұсаукесерін өткізудегі маңызды қызметті «Kazakh TV» телеарнасы өз мойнына алды. 1,2 миллионнан астам отбасы отандық спутниктік OTAU TV операторының абоненттері болды. Жаңа «Ел арна» телеарнасы қазақстандық фильмдерді көрсетуге мамандандырылды.
Интернет жылдам дамыды. 2010-шы жылдардың ортасына таман kz доменіне 110 мыңнан астам адам тіркелді, ал жыл сайынғы өсім 25–30 процентті құрады. Қазақстанның әдебиеті мен тарихы бойынша Әдебиет порталы ашылды.
Электронды үкіметтің мүмкіндіктері кеңейді. Тек 2016 жылы ғана egov. kz порталы арқылы 40 миллионнан астам, ал «Азаматтарға арналған үкімет» офистерінде 36 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Қазақстан мобильді телефон байланысын тарату бойынша көш басында тұрған елдердің алғашқы ондығына енді. 4G стандарты 50 мыңнан астам адам тұратын қалалар мен елді мекендерге, аудан орталықтарына қолжетімді болды. Талшықты-оптикалық желілер құрылысы басталды, ол 2 миллионнан астам ауыл тұрғындарын жылдам интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, Қазақстан сияқты алып аймақты ел үшін бұл түйінді мәселе болатын.