ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ: ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫ ЖЕТІЛІП КЕЛЕДІ

Отанымыздың ертеңі де, өркені де – бүгінгі ұрпақ. Сол ұр­пақтың тәлімді де тәрбиелі болуы алдыңғы толқынның па­ры­зы мен қарызы десек, еш қа­те­леспейміз. Осыны ел бол­ғалы бері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтып қана қой­май, қолдан келген барлық мүм­кін­дік­ті жасап келеді. Мемлекет бас­шысы өзінің «Ұлы дала ұла­­­­ғат­тары» атты кітабында ұр­­пақ­­қа қызмет көрсету сөз емес, істе басым тұру керектігін тар­қата келіп: «Жастар біздің бола­шағымыз» дегенді жиі айтып жүреміз. Алайда айту бар да, оның мағынасына терең бойлау тағы бар. Бір қарағанда, бәрі де түсінікті. Әйтсе де, солай болуы үшін жұмыс жасаудың мәні тіптен бөлек», деп қадап тұрып айтқаны бар. Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті осы үдеден шығу жолында тиісті жұмыстар атқарып келеді. 

Мемлекеттің ертеңгі мықты тұғыры – жас ұрпақ. Өскелең ұрпақ қамын ойлау, балалық шақ­тың басымдығын мойында­татын терең моральдық құнды­лық екені де сөзсіз. Отанымыз алғашқы қадамынан бастап-ақ бала құқықтары туралы әлемдік конвенцияға ерекше мән беріп, соның талаптарының аясында жұмыс жүргізумен келеді. Бұл халықаралық келелі құжаттың елімізде жүйелі жүргізілуі жө­нін­дегі Жарлыққа Елбасы 1994 жылы қол қойған болатын. Соны­­­мен қатар Президент өзінің ба­ғ­­­дар­ламалық сөздерінде бала құ­­қы­ғын қорғау ісіне, жетім және ата-анасының қарауынсыз қал­­ған­­дардың құқықтарын қор­ғау­ға мән беріп, басым шаралар­ды нақтылап берді. Әсіресе балалар үйінде тәрбиеленушілер санын мүмкіндігінше қысқарту, ондағы жұмысты тиімді ұйым­дас­тыру, жетім және ата-анасы­ның қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ұлттық деректер қорын құру жөнінде де нақты тапсырмалар жүктеді. 

Тәуелсіз еліміздегі қолға алынып жатқан келелі істің бірегейі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған отбасы институтын жетілдіріп, тірлігін нығайту ба­сты міндетке айналды. Біз мұн­ы тиянақты түрде жүзеге асыр­сақ, тірі жетім болмайды. Ай­рандай ұйыған отбасы қ­алып­тасады. Жақсы отбасы­нан жат мінезді ұрпақ өсіп шық­пай­ды. Бұл істе біз балалар үйін және орталықтарды зама­нға сай ұйымдастырып, қалып­тас­тыруды қолға алдық. Сол орта­лы­қтардан бала алуға ниет біл­дірген ата-аналарды алдын ала дайындау, қиын жағдайға тап болған отбасыларын анықтау, себебін біліп, салдарын жою, ана мен бала құқығын сақтау – ай­налып келгенде, еліміздің келе­шегі саналатын барлық ұр­пақ­ты кемел етіп өсіру. Бұл істе әрбір ата-ананың, қоғамдық ұйым­дар­дың, жеке тұлғалардың атқа­рар жұмысы аз емес. «Отба­сын­да адам бойындағы қа­сиет­­тер жарқырай көрініп, қалып­­та­сад­ы. Отанға деген ыс­тық сезім жақындарына, туған-туыс­қандарына деген сүйіс­пен­ші­лік­тен басталады. «Отба­сы­ның өнегесі – Отан өнегесі» деп жаз­ған еді кезінде Бауыржан Мо­мыш­ұлы. Бұл жай ғана сөз тір­кесі емес. Зор мағыналы сал­ма­ғы бар, жанға жылу, қанға қызу бе­ретін сөз», деген еді Елбасы. Ендеше бола­ша­­ғы­мыздың тірегін тәрбие­леу­де бүгін кішкентай болған­мен, ер­теңгі мықты азаматтары­мыз­дың заманға сай білімді де білік­ті етіп қалыптасуы жолында олар­дың дәл қазір құқығын қорғ­ау, қолдау басты міндет болып табылады.

Нұрбек ОРШУБЕКОВ