ӘЛЕМДІК СПОРТТЫ БАҒЫНДЫРҒАН ЖАС МЕМЛЕКЕТ

Қазақстандықтар үшін қашанда Олимпиялық ойындардың маңызы аса зор. 2012 жылдың шілде-тамыз айларында Лондонда XXX Жазғы Олимпиада да Қазақстандық спортшылар 13 медаль иеленді. «Алтын» медальды жеңіп алған Серік Сәпиев техникасы жоғары боксшы ретінде Баркер кубогына ие
болды.
2014 жылы Ресейдің Сочи қаласында өткен Қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен қола жүлдегер атанды. Рио-де-Жанейрода өткен 2016 жылғы Олимпиада Қазақстан үшін аса табысты өтті. 17 алтын, күміс, қола медальдар Қазақстанға командалық есеп бойынша 22-орынға қол жеткізуге мүмкіндік берді. Олимпиада «алтынына» ие болған спортшыларымыз: суға жүзуден – Дмитрий Баландин, ауыр атлетикадан – Нижат Рахимов, бокстан – Данияр Елеусінов. Күміс жүлделерді Жазира Жаппарқұл (ауыр атлетика), Елдос
Сметов (дзюдо), Василий Левит, Әділбек Ниязымбетов (бокс) пен Гүзел Манюрова (әйелдер күресі) иеленді. Фархад Харки, Александр Зайчиков, Карина Горичева (ауыр атлетика), Галбадрах Отгонцэцэг (дзюдо),
Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Эльмира Сыздықова, Екатерина Ларионова (әйелдер күресі), Иван Дычко, Дариға Шәкімова (бокс) қола жүлдегер атанды.
2014 жылғы XVII Жазғы Азия ойындарында (Инчхон қаласы, Корея) Қазақстан жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, биік табыстарға қол жеткізді.
Құрлықтық сайыстарда командалық есеп бойынша төртінші орынды иеленіп, 84 медальды жеңіп алды. Суға жүзуден Дмитрий Баландин үш алтын медальға қол жеткізді. Боксшыларымыз да тамаша өнер көрсетіп, он
алты медальдың алтауын жеңіп алды. Тағы бір жарқын спорт мерекесі – VIII Қысқы Азия ойындары 2017 жылдың ақпан айында Жапониядағы Саппоро қаласында өтті. Бұл жолы Қазақстан 9 алтын, 11 күміс, 12 қола жүлдеге
ие болып, төртінші орыннан көрінді.
Алматы қаласында 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында өткен Қысқы Универсиада спорт әлеміндегі айтулы оқиғалардың бірі болды. Универсиадаға 57 елден 2 мыңнан астам спортшы қатысты. Жарыс спорттың 12 түрі бойынша өтті, 85 медаль жиынтығы жүлдеге тігілді.
Қазақстанның жас спортшылары туған елдің төрінде тамаша өнер көрсетіп, командалық есеп бойынша екінші жүлделі орыннан көрінді, 11 алтын, 8 күміс, 17 қола медальға ие болды.
2014 жылы қараша айында Алматыда ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтті. Қазақстан құрамасы үшінші орын алды. 2014 жылы мамыр айында Астана мен Қарағандыда велосипед спортынан Азия чемпионаты өтіп,
Қазақстан құрама командасы екінші орынды иеленді.

2013-2015 және 2017 жылдары «Astana Аrlans» кәсіби спорт клубы «Дүниежүзілік бокс сериясы» (WSB) жобасы бойынша чемпион атанды.
2010 жылы кәсіпқой бокстан (WBA) әлем чемпионы құрметті атағын қазақстандық Бейбіт Шүменов жеңіп алды, бұл титулды ол 2014 жылға дейін ұстап тұрды. Қазақстандық орта салмақтағы кәсіби боксшы, 2010 жылдан бастап бірнеше нұсқа бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин бүкіл әлемнің миллиондаған жанкүйерінің батырына айналды. 2013 және 2017 жылдар аралығында Г. Головкинді «Ring» арнайы басылымы «Жыл
боксшысы» деп жариялады.
Футбол жанкүйерлері үшін аса маңызды оқиға болды: алғаш рет отандық футбол тарихында – 2013 жылы Еуропа клубтық турнирінің топтық кезеңіне – Еуропа Лигасына қарағандылық «Шахтер» футбол командасы
енді. 2015 жылы елордалық «Астана» футбол клубы ең беделді халықаралық клуб турнирінің – Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне енді.
Қазақстандық спортшылардың жетістіктері елдің толымды табыстарымен астасып жатты. Олар өздерінің жарқын жеңістерімен Отанымызды даңққа бөледі, Қазақстан Республикасының халықаралық беделін көтеруге
лайықты үлес қосты.