ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІГІ: ҚАУІПСІЗ МЕКТЕПТЕР КӨБЕЮДЕ
Шымкентте қолайлы жағдай жасау үшін жыл сайын жаңа мектептер салынуда. Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында «Тоғыс» тұрғын алабында №120 мектебінде қосымша 300 орындық корпус пайдалануға берілді.
Мектеп ғимараты заманауи оқу құралдарымен жабдықталған. Химия, биология, физика, STEM, «интеллектум», инклюзияны қолдау кабинеттері бар. Информатикалық білімін жетілдіретін 605 компьютер мен 11 интерактивті тақта орнатылған. Оқушылардың шынығуы үшін 2 спорт зал және денсаулығын қадағалайтын медициналық бекет қаралған.
Қазір мектепте 57 сынып бөлмесінде 2070 оқушы 81 сыныпқа бөлініп білім алады. Одан бөлек, 5 мектеп алды даярлық тобында 106 бүлдіршін екі ауысымда алғашқы сауатын ашуда.
Оқушылардың қауіпсіздігі де басты талаптың бірі. Оқу ғимаратына кіре берісте турникет, дабыл түймесі қойылған. Орнатылған 38 бейнебақылау камералары балалардың қауіпсіз болуын қадағалайды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі