ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІГІ: ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРІНІҢ НЬЮ-ЙОРКТЕ КӨРМЕСІ ӨТКІЗІЛДІ

Нью-Йорк қаласында өткен ART-EXPO халықаралық көрмесінде түркістандық қылқалам шебері Камила Жапалованың еңбектері көрсетілді.

Камила ЖАПАЛОВА 1972 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. 1990-1993 жылы Шымкентте Ә.Қастеев атындағы көркемсурет училищесінде, 1997-1999 жылы Санкт-Петербордағы Мухин кәсіптік училищесін бітіреді. Иманғали Тасмағамбетовтың шақыртуымен 2000 жылы Атырауға келген. Атырау облыстық телеарнасында, Ш.Сариев атындағы өнер музейінде жұмыс істеді. Қазір Атырау мемлекеттік университетінде дәріс береді. Ресей, Франция, Париж, Қытай, Түркия, БАӘ, Германия, Армения, АҚШ көрмелеріне қатысқан. ҚР Суретшілер Одағының және ҚР көркемөнер Академиясының корреспондент мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері.

– Бұл менің Нью-Йоркке екінші сапарым. Ең бірінші рет мен онда өткен жылдың қарашасында Орталық Азия өнерінің мұрасын насихаттауға арналған ART-NOMADS халықаралық көрмесіне қатысып келдім. Мұнда Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан және тағы басқа көптеген елдердің суретшілері келді. Бастапқыда қалай болады екен, қалай қабылдайды екен деген қобалжу болды. Бекер қобалжыған екенмін, жұмыстарым көпшілікке ұнады. Екі жұмысым өтті. Біреуін сол елде тұратын қазақ алды. Екінші жұмысымды жеке галерея өкілі – коллекцияонер сатып алды.Фейсбуктан ойламаған жерден бір кісі мені тауып алып, АҚШ-қа өзінің жекеменшік галереясына көрмеге қатысуға шақырды. Өзі суретші, ұлты қазақ, Алматыдан екен. 20 жылдан бері Нью-Йоркта тұрады. Студент кезінде кетіп қалған оқуға, сонда жүріп америкалық әйелге үйленген. Әйелі де суретші. Олар өздерінің үлкен жеке галереясын ашқан. Көрмелер ұйымдастырумен айналысады. Шақырған соң басында көп ойланып жүрдім. Тек баламның «мама, саған екінші шанс болмайды, бар» деген сөзінен соң барамын деп шештім.NEW YORK REALISM FINE ART Нью-Йорк суретшілер қоғамының басқарма мүшелері сол көрмеден соң маған батик өнерін қазақ стилінде тұңғыш ашушы деген атақ беріп, алтын медальмен марапаттады, — дейді суретші.

Сонымен қатар суретші өзінің Түркістанды қатты сағынып жүргенін, жаңарған қаланы жақсылап аралап, сағынышын басқысы келетінін жеткізді.