Терроризмді насихаттаған имам сотталды
Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылындағы орталық мешіттің бұрынғы бас имамы үш жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы otyrar.kz жазды.
Қызметін атқарып жүріп терроризмді насихаттап және осындай мазмұндағы материалдарды таратып, уағыздағаны үшін Абдулрапи Рахматуллаевқа ҚР ҚК-нің 174 бабы 2-ші бөлігімен айып тағылған.
Дәл осындай сипаттағы айыптармен, яғни әлеуметтік желілерде терроризмді насихаттайтын хабарламалар таратқаны үшін Сайрам ауданының тұрғыны 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сотталушы Дастанбек Белдімұратовқа ҚР ҚК нің 256 бабы 1 ші және 2-ші бөліктерімен айып тағылған. Ол «ВК» әлеуметтік желісі мен Ватсап телекоммуникациялық желісінде терроризмді насихаттаған.