ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ — ЖАСТАР

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Жол-көлік колледжінің студенттерімен TedX форматында кездесу өтті.

Еркін форматта өткен кездесу Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің «Парасат жолы» орталығында ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға өскелең ұрпақты кеңінен тарту, жастардың парасаттылықты арттыру жөніндегі ұсыныстары мен идеяларын тыңдау, өзін-өзі жетілдіру арқылы еңбек етуге деген сүйіспеншілікті насихаттау, жастарды еңбекке баулу болып табылады.

Кездесуде Департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы жастардың рөлі жайында сөз қозғаса, жас кәсіпкер А.Назимова жастарды адал, қажырлы еңбектің арқасында жетістіктерге жету жодарымен өз тәжірибесінде бөлісті.
Еркін форматта өткен шарада жастар қоғамда парасаттық құндылықтарын насихаттау бойынша ұсыныстарын білдіріп, сұрақтарына жауаптар алып, спикерлерге құнды ақпараттар үшін алғыстарын білдірді.