«ТӘУЕЛСІЗДІК — ТІРЕГІМ» ҚУЫРШАҚТАР КОНЦЕРТІ ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – тірегім» қуыршақтар концерті өтті.
ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «30 жылдыққа – 30 қойылым» акциясы аясында театрда сахналанатын «Тәуелсіздік – тірегім» қуыршақ концерттік бағдарламасының тәлімдік, патриоттық және идеологиялық ролі өте биік. Қоюшы режиссер М.Малдыбаеваның, суретші Е.Айдаровпен бірге жасаған декорация мен костюмдер эскиздері көк түсті негізге алуы мемлекетіміздің көк туы мен сәйкес келуі ұтымды шешім. Концерттік бағдарламада қуыршақ персонаждар қолданылды.
Айтып айтпай не керек, бұл кереметті көзбен көру керек бастысы. Апта күндерінде қайта сахналанатын болады.