КОРЕЙ КОСМЕТИКАСЫНЫҢ 4 АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

Сымбатты да сұлу мүсін. Жылтыр да теп-тегіс бет терісі. Өз жасынан екі есе жас көріну. Көрдіңіз, қызықтыңыз. «Әй, мұндай болу бізге қайда?»  деп қолыңызды бір сілтеуге асықпаңыз.

Мүмкіндік бар. Корей косметикасы бүгінгі күні көптеген арудың ажырамас серігіне айналуда. Нарыққа келгеніне аса көп уақыт өтпесе де көпшіліктен жақсы баға алып, бәсекелестерін басып озды. Себеп – ел жасанды химиялық қоспалардың пайдасы аз, зияны көп екенін білді. Сұлулық пен денсаулық бір-бірін толықтыратын ұғымдар, сондықтан корейлік косметика өндірушілері тұтынушыларға пайдалы, әрі денсаулыққа зиянсыз заттар ұсынды. Тек корей косметикасында сіз ұлулар шырышының сығындыларын, інжу-маржандарды, бұғы мүйіздерін, женьшень, пион, Дудник тамырларын, жанартау сазын таба аласыз. Биотехнологиядағы соңғы косметикалық трендтерді қадағалайды және өнімдерді жасау кезінде жасушалық технологияларды сәтті қолданады, пептидтер мен ретинолдың бірегей формулаларын енгізеді. Яғни, табиғилық пен жаңашылдық бір-бірін толықтырады.

ВВ-крем. Бұл корей өндірушілерінің нағыз мақтанышы, өйткені ол бірден тональді және күндізгі кремді біріктіреді. Әр сұлудың сөмкесінен табылады десек қателеспейміз. Құралдың көмегімен тек әдемі көрініп қана қоймай, денсаулығыңызға пайда да тигізе аласыз. Осы санаттағы көптеген кремдер теріні ультракүлгін сәулелерден қорғайды.

Теңдестірілген құрам, консерванттар мен агрессивті заттардың минималды мөлшері немесе толық болмауы корей косметикасының әлемдік танымалдылығын қамтамасыз етті. Корей әйелдері өте жас және сымбатты көрінеді. Себебі — сыртқы келбетін және терінің күйін мұқият қадағалайды. Теріге күтім жасау алғашқы әжімдер немесе беттегі пегменттер пайда болған кезде басталмайды, одан әлдеқайда ертерек.

Корей косметикасының 4 артықшылығы:

  1. Табиғилығы. Корея — дәстүрлі тамақтану мен күтім мәдениетін сол қалпы бұзбай сақтаған санаулы елдердің бірі. Косметикаларында да тек табиғи, таза қоспалар.
  2. Олар әрлендіретін және емдік косметиканы бір-бірінен ажыратпайды. Яғни, боянатын заттың құрамында міндетті түрде ағзаға пайдалы нәрлендіруші майлар, экстракттар болады.
  3. Жоғары технология. Өнімдерін «Молекуларлы синтез» дейтін ең заманауи технологиямен жасайды. Яғни, бар пайдалы қоспалары бойында сақталады.
  4. Қауіпсіз. Гиппоаллергендік тексерістен өткен косметикалар.

Осы себептермен Корей косметикасы «number one» дәрежесіне жетіп отыр.

⠀Алтын АСҚАР