«МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ «КИТӘБУ ТАСДИҚ» МӘСЕЛЕСІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
«Хакім Абай» музейінде абайтанушы, журналист Құралбек Ергөбековтың «Мұхтар Әуезов және «Китәбу тасдиқ» мәселесі» кітабының тұсаукесері өтті.
Абай Құнанбайұлының «Китәбу тасдиқ» атты жазба еңбегін бүгінгі ұрпаққа жеткізген – Мүррсейіт Бікіұлы. Ол 1906, 1907 және 1910 жылдардағы қолжазба көшірмелерінің қысқаша сипаттамасын жазып қалдырған. Хакім Абайдың шығармаларында қолданған Құран аяттары мен қадірлі хадистеріне зерттеу жүргізілген.
Іс-шара барысында «Китәбу тасдиқ» еңбегін тұңғыш рет «Отыз сегізінші қара сөз» етіп жарыққа шығарған Мұхтар Әуезовтің Абай шығармаларының жинақтарына енгізген нұсқаларын жұртшылыққа таныстырды.
Тұсаукер рәсіміне жазушы, журналист Шойбек Орынбай, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент ОҚМПУ-нің «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімінің басшысы Қайрат Анарбаев, ұстаз Спабек Дәулетов, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі Пернебай Сапаров, ақын Жәмила Көлбай және басқа да зиялы қауым өкілдері, кітапхана және музей қызметкерлері, ЖОО студенттері мен мектеп оқушылар қатысты.
Кітап авторы Құралбек Жолдасұлы — М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, «Қазығұрт тынысы» газетінің тілшісі, ҚР Журналистер одағының мүшесі. Ол «Бәйдібек баба мен Домалақ ана» «Қазағымның киесі – Қазығұртым», «Шегір баба әулетінің шежіресі», «Ақбура ата әулие», «Ер Ақпан батыр» кітаптарының авторы.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы