ҚАЗАҚСТАН ҚОРЖЫНЫНДА ТАҒЫ БІР ҚОЛА

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін боксшымыз Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиада ойындарының финалына шыға алмады.

Жартылай финалда капитанымыз америкалық Ричард Торреспен кездесіп, жеңілді. Кездесудің екінші раундында Қамшыбек ескерту алып, нокдаунға түсті. Солайша қола медальді қанағат тұтты.

Енді Торрес финалда өзбекстандық Баходир Жалоловқа қарсы шығады