МЕРЕЙТОЙҒА ОРАЙ «ЖАНҒА ЖЫЛУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Қайырымды істер марафоны» жобасының «Жанға жылу» акциясы аясында еріктілер ҰОС ардагерлеріне азық-түлік себеттерін үлестірді.