ТЕРЕҢ ТАРИХЫ БАР ЕЛМІЗ

Ата-бабамыз тарихтан сыр шерте отырып, ұрпағына қашан да бірлік, елдік, ерлік, жайлы насихаттаудан тынған емес. Еліміздің сан қилы тарих қатпарларынан қол бұлғаған қанды қырғын мен небір зұлмат соғыстар, түрлі шайқастар мен қантөгістер, небір боздақтардың жаны қиылған оқиғалар- бір ғана мақсатты, бір ғана мүддені көздегенін көреміз. Сан ғасырлар бойы келе жатқан халық арманы, үкілі тілегі- қазақ боп қалыптасқан,тарих ізімен екшеліп, осынау уақыт аралығында ұлттық мақсаты айқындалған, қадір-қасиетімен астасқан ұраны бар тәуелсіз ел атану еді.

Тәуелсіздікті нығайтуды, саяси демократияландыруды, нарықты экономикаға көшуді, ұлтаралық келісім мен әлеуметтік қорғауды стратегиялық міндет ретінде белгіленген бағыт жұртшылық тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Республикамыздың қайталанбас құндылығына айналып үлгерген бұл саясат – бүгінде сенімді, әрі табысты болғандығын тарихтың өзі дәлелдеп отыр.

Әрине мұның өзі ерекше саяси дарыны бар, ел басқару ісіне ата-бабамыздың даналығын, бітімшілдік қасиетін мұрат тұтқан, стратегиялық көрегендігі басым, терең де байыпты Елбасымыздың арқасы екендігі шүбәсіз. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демей ме, асыл халқымыз. Тер сіңіп жетсе де, дәмі тәтті «Тәуелсіздік» ұғымын бейне бір тұмарындай қастерлеген Президент мереке қарсаңында еліне арнап рухани жан-дүниесінің шынайы жанайқайы іспетті «Тәуелсіздік толғауы» эссесін баяндаған екен.

«Шын жүректі жарып шыққан шүбәсіз сөз – жүрекке де жетеді» емес пе, Елбасы тарапынан айтылған ойлар көңілге қонымды, құлаққа да жағымды. Әрбір саналы азаматқа ондағы көзқарас, ондағы мақсат бүкпесіз әсер етері хақ. Сондай-ақ, албырт жүрегімізге рух берген «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы болса, онда айтылған «мәңгілік қазақтың перзенті» ретінде тәуелсіз елімізді «Қазақстан-2050» мінберіне мүлтіксіз жеткізуде елеулі еңбек етуге бел шештік.

1991-жылғы Тәуелсіздік алу жайлы Конституциялық Заңына да міне 30 жыл толып отыр. Еліміздегі тыныштық, төріміздегі Ата Заң, көгіміздегі азаттық көк байрағы, ұлттық теңгеміз, республикалық «Ұланның» құрылуы, ЮНЕСКО-ға мүшелікке қабылдануы елдік пен еркіндік белгісі ғана емес, Елбасының. біртуар азаматтардың жанқиярлық еңбек нәтижесі.

Тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағы — желтоқсан құрдасы болып, тіліміз бен ділімізді, әдет-ғұрпымыз бен экономикамызды түзеп, үстіміздегі жылда Президентімізді қайта сайлап, ел іргесінің тыныштығын сақтауда жаңа қадам жасадық. Тәуелсіздік тірегі, тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасынан бастау алған еліміз- мерейлі де, мерекелі 30 жыл ішіндегі өткенімізге көз жүгіртіп өтсек, Біріккен Ұлтгар Ұйымынын биік мінбесіне Елбасымыздың сөз сөйлеуі, халқымыздың елдігіне өзіндік үлес коскан Абай, Жамбыл. Мұхтардай біртуар жандардың ЮНЕСКО көлемінде әлемдік дәрежеде тойлануы, Түркістанның 1500 жылдығы, Тараздың 2000 жылдығы, қазақ хандығына 550 жыл толуы осы мерекелердің тойлануы рухани жетістік