ШЫМКЕНТТЕ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫНЫҢ САНЫ КӨБЕЮДЕ

Бүгінгі таңда көптеген қылмыстарды ашу мен алдын алуда камералардың қосып жатқан үлесі орасан екені белгілі. Қазақстан билігі де керекті жерлерге бақылау камераларын орнатуды жолға қойып, орындап келеді.

Ағымдағы жылы Шымкент қалалық Цифрландыру басқармасымен талдау жүргізіліп, 7753 бейнебақылау камералары орнатылғандығы анықталды.

Оның ішінде:

Қалалық полиция департаментіне тиесілі – 479;

Денсаулық сақтау басқармасына тиесілі – 1211;

Білім беру басқармасына тиесілі – 3601;

Балабақшаларда – 1185;

Мектептерде – 2416;

Сондай-ақ, Шымкент қаласының әкімдігімен жасалған 3 жақты меморандум шеңберінде 56 «Сергек» камераларын 14 желілік учаскеде орнатылды.

Нәтижесінде, 2021 жылдың 6 айда «Интегра» камерасымен қоса 24 502 ұйғарым — 325 305 298 теңге салынып, 15 589 ұйғарым бойынша – 169 474 582 теңге өндірілген.