ШЫМКЕНТТЕ «IQALA» ЖОБАСЫ ЕНГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласы еліміздегі үшінші мегаполис болғалы сол статусқа лайық болуы үшін әкімдік тарапынан көптеген жұмыстар істелуде. Өзге де озық мегаполистерді зерттеп, халықтың тұрмыс тіршілігін жеңілдетуге үлес қосатын жобаларды Шымкентте енгізуде.

Нұр–Сұлтан қаласының мысалында, қалалық қызметтер орталығы — «Iqala» жобасы енгізілуде.

Бүгінге дейін өнім беруші компания анықталды; Қала әкімінің орынбасары М.Исаховтің төрғалығымен қаладағы қызмет көрсетуші компаниялармен және монополия субъектілерімен жиналыс өткізілді; Қолданыстағы ақпарттық жүйелермен интеграциялау жұмыстары жүргізілуде; Жұмысшы топ құрылды; Фронт офистің орналысатын жері анықталды; Порталдың дизайны әзірленді; Бизнес процестер толыққанды талқыланды; Мекемелермен келіссөздер жүргізілуде (Тұрғын үй басқармасы, Білім басқармасы, «Спецавтотранспорт», «Энергепоток», «Оңтүстік Жарық», «Су ресурстар Маркетинг» ЖШС, АО «СПК-Шымкент»); Жаңа 10 жұмыс орны ашылды.

 Жобаның нәтижесінде коммуналдық қызметтерді алу рәсімдері жеңілдеп; Барлық қызметтерді онлайн цифрлық түрде көрсету; Құжаттарды қысқа мерзімде ұсыну; Өтініш күйін бақылау; Құжаттардың сақталуы:; Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сынды жетістіктерге қол жетеді деп жоспарлануда.

Бұл жоба «бір терезе» қағидаты бойынша коммуналдық шаруашылық секторының және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қызметтерін біріктіретін болады.

Жеке және заңды тұлғалар қызметке қашықтан тапсырыс беру, сондай-ақ бір реттік өтініш арқылы бірнеше қызметті алу мүмкіндігіне ие болады.