САЯСИ БАҒДАР: ЕГЕМЕН МЕМЛЕКЕТ СТРАТЕГИЯСЫ

Тәуелсіздік алумен бірге көптеген проблемамен бетпе-бет келген кейбір жас мемлекеттер – бұрынғы кеңестік республикалар әзірге стратегия ойластыруға ерте екеніне, алдымен күнделікті тіршілік қамын жеңе білу қажеттілігіне мойынсұнды.

Алайда Елбасы оларға қарама-қарсы көзқарас ұстана отырып, негізінен күнделікті мәселелерді шұғыл шешумен айналысса да, бәрінен бұрын елдің ұзақ мерзімді стратегиялық мүдделерінен туындайтын болашақ қамын бір сәт ойынан шағарған емес еді. 1992 жылдың басында ол «Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы» атты бағдарламаға кірісті.

Ең алдымен жас экономистер тобына мақсаттар мен даму міндеттерін түсіндірді. Оны сан мәрте талқылады. Жұмысқа мамандардың әртүрлі категориялары тартылды. Ақырында ең қажетті құжат жобасы дайны болды.

Стратегия мәтіні 1992  жылдың 16  мамырында жарияланды. Құжат Қазақстанның жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшетінін көрсетті. Жоғары Кеңес пен оның басшылығы жекелеген принципті көзқарастарды қайта қарауды талап етіп, халықтың мұндай идеяны қабылдауға әзір еместігін алға тартты. Жоғары Кеңестегі пікірталастар өте қызу болды. Басқа республикалардың тұрғыны сияқты, қазақстандықтар да абдырап торығуға түсті, жаңа бағдарлар мен идеалдарды аңсады. Олардың ұсақ, бір сәттік пайдаға ден қойып, елдің болашағы мен өмірдегі өз орнын жоғалтуына жол беруге болмайтын еді. 1992 жылғы стратегия ел үшін аса қатерлі әлеуметтік сценарийге қарсы маңызды тетік болды.