БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ – БЕЙБІТШІЛІКТІ ҚАСТЕРЛЕЙ БІЛДІК

Алмағайып кезеңде Қазақстан өзінің ішкі саясатының – бейбітшілік,келісім және бірлік деген негізгі үш принципін қалыптастырды. Қазір айтуға жеңіл болғанмен, сол күрделі кезеңде оны жүзеге асыру әлдеқайда қиын болатын.

Бұрынғы Балтық республикаларының көптеген тұрғындары КСРО құрамынан шыққаннан кейін азаматтық ала алмай және негізгі саяси құқықтарынан қағылып жатқан кезде, біз, этностық тегіне және мемлекеттік тілді білу деңгейіне қарамастан, барлық қазақстандықтардың саяси және азаматтық теңқұқылығын ресми түрле заңдастырдық. 1991 жылдың 10 желтоқсанында өз халқына адалдыққа ант берген елбасы саулау қазақтардың, орыстардың, украиндардың, корейлердің, немістердің және басқа да этностардың бауырластық қоғамдастығының қалыптасуының басы болғанын мәлімдеді – олардың бәрі де біртұтас алып командаға бірігіп, біздің республикамыздың бақуатты болашағына даңғыл жол салуға шешім қабылдады. Әртүрлі этностық тегіне қарамастан, елдің барлық тұрғындары ортақ шаңырақ астына біртұтас халық болып ұйыса алды.

1992 жылдың желтоқсанында Қазақстан халықтарының форумында Н.Назарбаев біздің басты игілігіміз – халықтар достығын қазақстандықтардың бірнеше буыны қалыптастырғанын атап көрсетті. Әрі біз сол құндылықты қастерлей білуге тиістіміз. Дәл сол жылы алғаш рет шешуші диалог алаңы және этносаралық диалог тиімділігінің кепілі ретінде Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы страгиялық бастамасын жариялады.