ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
Бір мың тоғыз жүз тоқсаныншы жылдардың ортасында жаңа мемлекеттіліктің берік іргетасы қаланды. Онжылдықтың екінші жартысында саяси тұрақтылықты 1995 жылдың негізгі оқиғасы аталған екі референдум қамтамасыз етті. Сол жылдың сәуір айында қазақстандықтар Президент өкілеттілігі мерзімін ұзартуды бірауыздан (95,46 проценті) қолдайтындарын ашық білдірді. Ал тамызда дәл осындай басым дауыспен санымен (90 процент) жаңа Конституция жобасы жоғары қолдауға ие болды. Осы жылдың маусымында Қазақстан халқы Ассамблеясының екінші сессиясында,Н.Назарбаев қолдайтын отандастарының сол сәтте қандай ұстанымға ден қойғандарын былайша түсіндірді: «Табиғатымда реалист бола тұра, менің өкілеттілігімді соза отырып, адамдардың тұрақтылыққа, ұлтаралық және азаматтық келісімге дауыс бергенін, барлығымызға соншалықты қажетті қоғамдағы бейбітшілікті сақтауға кепілдік беретін саяси бағдарды жалғастыруға дауыс бергенін мен жақсы түсінем…». Президенттік республика құру жөнінде берік байламға келе отырып, мен тек осылай еткенде ғана ел басқару ісін жаңа деңгейге көтере алатынымызды түсіндім».
Реформаны жүргізуде Президенттің жеке жауапкершілігі ұлғаюымен бірге, өкілеттік аясы да кеңейе түсері белгілі еді. Ендігі уақытта министрліктер мен ведомстволардың басшыларын Президенттің өзі тағайындайтын болғандықтан, Парламент бұл іске араласпайтын болды. Президенттің ұсынуымен және Парламенттің келісімімен тағайындалатын Премьер-Министрге «елімізді дағдарыстан алып шығушы бас менеджер» өкілеттігі берілді. Елбасы халықтың қолдауымен, нарықтық реформаларды аяқтау және өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу, жас мемлекеттің іргесін нығайту, мемлекеттік құрылыстың алдағы стратегиясын әзірлеу үшін қажетті саяси мандат алды.