ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ: КЕҢЕС ӨКІМЕТІ КЕЗІНДЕ АЙТУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ СУРЕТІ ТЕҢГЕГЕ САЛЫНДЫ
Тәуелсіз мемлекеттің меншікті өз валютасы болуы керек.1992 жылдың көктемінде Елбасы ұлттық валютаны енгізудің мүмкіндіктерін қарастыруға тиісті құпия комиссия құрды. Комиссия туралы небәрі жеті адам білді. Біртұтас рубль аймағын сақтауға талпынысты жалғастыра отырып, Қазақстан өзінің валютасын енгізуге дайындалды.
Елдің жоғарғы басшылығынан мемлекеттік құпиямен тек Жоғарғы Кеңестің төрағасы С. Әбділдин, Жоғарғы Кеңестің қаржы жєне бюджет жөніндегі комитетінің төрағасы С. Тәкежанов, Мемлекеттік Ұлттық банктің төрағасы Ғ. Байназаров, оның орынбасары М. Тұрсынов және салынып жатқан Ұлттық банк кәсіпорындары дирекциясының жетекшісі Қожамұратов таныстырылды. Осымен қатар тағы да құпия түрде жаңа валютаның дизайны бойынша жұмыстар жасау мақсатында шығармашылық топ құрылды. Ахуалдың бірегейлігі мен жұмыстың сонылығының әсерлі болғаны сондай, қатысушылардың өздері, үлкен дарын иелері, тарихи кезеңнің жауапкершілігі мен маңызын толық түсінді. Суретшілер М. Әлин жєне А. Әузелханов Тимур Сүлейменовтың жетекшілігімен банкноттар мен тиындар дизайнының төрт түрлі нұсқасын жасады. Барлық нұсқалар бірінен-бірі асып түсетіндей өте жоғары кәсіби және түбегейлі деңгейде жасалынды. Ұзақ талқылаулардан кейін біздің халқымыз үшін және қазақ мемлекеттігінің қалыптасуына көп еңбектері сіңген, Қазақстан үшін белгілі және тарихи маңызы бар адамдардың кескіндері бейнеленген нұсқаға тоқтады. Тәуелсіздіктің таңы енді атқан шағында бұл ұлттық мақтаныш сезімін көтеру үшін қажет болды. Кеңес өкіметінің кезінде тіпті айтуға тыйым салынған бұл тұлғаларды тәуелсіздік алғанда ғана марапаттауға мүмкіндік туды.