ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІГІНЕ ҚАРАП, ҚАЛАСЫН ТАНЫ

Көлік саласын цифрландыру бойынша қоғам дық көліктерде электронды билет жүйесі енгізілген. «Төлем» карталарын  сату бойынша 350сату орындары ұйымдастырылып, қазіргі таңда, 200 мың карта сатылған. Биыл наурыз айында 4513 000 транзакция өткізілді.  Сонымен қатар, көлік саласын цифрландыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру мақсатында 2021 жылға бірқатар жоспарлар және міндеттер  қойылып отыр.  Соның бірі пилоттық режимде IDC компаниясымен бірлесе «Солтүстік» (Север) аялдамасына «Ақылды аялдама» орнатылды. Аялдама  сыртына LED экран орнатылып, кез келген жарнаманы немесе қоғамдық көліктердің қозғалысын жария етуге болады. Сонымен қатар қыс мезігілінде аялдама ішінде температура 20 градустан жоғары болса жылы ауа, жаз мезгілінде салқын ауаны ұйымдастыруды мүмкіндік бар. Көшеден өтетін азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі уақытта жаяу жүргіншілер өткеліне ақылды жарықтандыру орнату жоспарлануда. Қазіргі таңда пилоттық жоба 3 жерде іске асырылуда.   «NurComTel» және «Астана Смэу» компаниялармен Темірлан тас жолында, ал IDC компаниясымен Ә.Жангелдиев көшесіне орнатылмақ.  Қоғамдық көліктерді диспетчерлеу жобасы бойынша көлік қозғалысының уақытын хабарлайтын арнайы i-Kolik қосымшасы әзірленді. Қазіргі таңда Playmarket және Apple Store жүйелеріне енгізіліп, смартфондарға бастыруға мүмкіндік пайда болды. Бұл жобаның іске асуы өз кезегінде халықтың  қоғамдық көлік қозғалысы туралы хабардар болуына, «Ақылды қалалар» рейтингісіндегі позицияның өсуіне әкеледі.

          Дамуға тек оңтайландыру және жаңа технологиялар арқылы жетуге болатынын уақыт төреші өзі дәлелдеп отыр. Ал, бұл жолда қарқынды даму жолына бетбұрған үшінші қаланың көштен қалмай, уақыт талабына ілесуі қуантады.