ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫ
Кей кездері халық арасында Дүниежүзілік сауда ұйымы дегеніміз не және ол қандай мақсатта құрылған ұйым, сонымен қатар ол Қазақстанға қандай жаңалық әкеледі деген сұрақтар туындап жатады. Расында да, ДСҰ, яғни Дүниежүзілік сауда ұйымы туралы біз не білеміз? Осы сұрақ бойынша біз біршама әңгіме тінін тарқатсақ.
Дүниежүзілік сауда ұйымы – бұл мемлекеттер арасында сауда жүргізу ережелерінің жүйесін жетілдірумен айналысатын бірден-бір халықаралық ұйым. Сауда ұйымы – 1995 жылы құрылған. Бүгінде оған 160-тан аса мемлекет мүше. Дүниежүзіндегі сауда айналымының 98 пайызы аталмыш ұйымға мүше болуы арқылы осы елдер арасында сауда-саттық жүргізеді. Нақтырақ айтқанда, инвестиция тартуға жол ашылады.Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуға ұйым өз жұмысын бастағаннан кейін, яғни 1996 жылы 29 қаңтарда өтініш берген еді. Қажырлы да жүйелі жұмыстардың нәтижесінде еліміз 2015 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке кірді. Сол жылдың 27-шілдесінде Женева қаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен конференцияда Қазақстанды ұйымға қабылдау туралы шешім шығарылды.Ал, енді Дүниежүзілік сауда ұйымының түпкі мақсаты туралы айтар болсақ, ұйымға мүше мемлекеттер арасында жүргізілетін саудалар бойынша жүзеге асырылатын, сондай-ақ мемлекеттер арасында талқыға салынатын және талқыға түскен ережелер парламентте бекітілетін келісімдер болып табылады.Осы ретте, мемлекеттер арасында жүргізілетін келісімдердің түпкі мақсаты – түрлі тауарлар мен қызметтерді өндірушілер мен оларды экспорттаушылар, сонымен қатар импорттаушыларға өздерінің коммерциялық іс-әрекеттерінің жүзеге асуларына көмектесу.1994 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісімінің екінші тарауында ұйымның негізгі мақсаты осы ұйымға мүше әрбір мемлекет өз халқының әлеуметтік тұрмыс жағдайын жоғарылату, өздері өндіретін өнімдер мен көрсететін қызметтермен толық қамтылуына қол жеткізу, сондай-ақ ел бюджетін толықтыратын кірістердің өсуіне ықпал жасау делінген.Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісімінің 3-бабы ұйымның көпжақты сауда келісімдерін реттеу және жүзеге асыру, сонымен қатар форум түрінде сауда келіссөздерін өткізу, сауда дауларын шешуде дауларды шешу ережелері мен процедуралары туралы келісімдерді қолдану, ұйымға қатысушы әрбір елдің сауда саясатын қайта қарастыру механизмін қолдану, аталмыш ұйымға мүше елдердің басқа халықаралық ұйымдармен өзара әрекеті сияқты міндеттерін қабылдады. Сонымен бірге, ұйым сауда дауларын конструктивті шешу, ойын ережелерінің анықтығы, бағаларды қысқарту, жаңа технологиялардың келуі, жай қажетті ғана емес, сонымен қатар тілеген өнімді таңдау мүмкіндік, экономиканы ынталандыру, өндірістің өсуі, отандық өндірісті сыртқы рыноктарда демпингке қарсы және квоталық шектеулерден қорғау, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және іскерлік белсенділікті жоғарылату сияқты мүмкіндіктерін қарастыруда.Ал, енді осы Дүниежүзілік сауда ұйымы Қазақстанға не береді деген сұраққа келер болсақ, еліміздің аталмыш ұйымға кіру мақсатында ел Үкіметі жанынан арнайы құрылған сауда саясаты мәселелері жөніндегі ведомсвоаралық комиссия жұмыс істейді. Сонымен қатар, Қазақстанның келіс¬сөздердегі ұстанымдарын дайындау кезінде іскерлік орта өкілдері де белсенді түрде тартылды.Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі туралы ресми келіссөздердің аяқтaлғанын Елбасы да мәлімдеді. Мемлекет басшысы Қазақстанның бұл қадамын тарихи оқиғаға бағалады. Сондай-ақ, Елбасы 19 жылға созылғaн келіссөзде Қазақстан өзіне тиімді шарттарға қол жеткізгенін, Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одағы талаптарын ұштастыра алғанын айтты.Ал, енді осы жерде Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшеліктен біздің, яғни Қазақстан нарығы не ұтады? Міне, енді осы мәселе жайына тоқталсақ, ел сарапшылары екі жақты пікір айтты. Олардың кейбірі Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелік елге кері әсерін келтіреді және Қазақстан нарығы бұл бәсекелестікке төтеп бере алмaй, соңында абыройымызды айрандай төгеді десе, енді бірі – Қазақстан бұл ұйымға мүшелікке өту арқылы еліміздің сауда кеңістігі кеңейеді, тіпті жер шары мемлекеттерінің сапалы да заманауи үлгідегі өндірістік өнімдеріне қол жеткіземіз дегенді айтты. Расында да, ДСҰ-ға мүше болу арқылы Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуына жол ашты.Қорыта айтқанда, бүгінде сaуда-сaттығымыздың 90 проценті Дүниежүзілік сауда ұйымынa мүше елдерге тиесілі. Қазақстан шетелдік инвесторлар мен серіктестер үшін бұрынғыдaн да тартымды болa түсуде. Елімізде жаңа заман талабына сай өндірістер мен жұмыс орындaрын ашуға мүмкіндіктер туды. Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті ДСҰ-ға мүше болып кіру үшін 19 жыл жұмыс жүргізді. Осы жылдары ел Үкіметі елімізге тиімді шарттaрға қол жеткізу мақсатында аянбай еңбек етті. Осындай табанды еңбектің арқасында Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еурaзиялық экономикaлық одақтың талaптарын ұштастырдық.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ