ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН ҚАЗАҚСТАН: БҰҰ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНДЕ
2010-жылдары Қазақстанның қазіргі сыртқы саясаты мен дипломатиясы жоғары сапалық деңгейге көтерілді. Қазақстан – қалыптасқан мемлекет – әлемдік саясат пен жаһандық экономиканың толыққанды субъектісіне айналды. Мемлекет басшысы ретіндегі Н.Назарбаевтың сөздері аса маңызды әлемдік саммиттер мен форумдарда, G8 мен G20-ны қоса алғанда, құрметпен қабылданды, ұстанған бағытымыз, бастамалар мен ұстанымдарымыз қай кезде де зор қызығушылық туғызды және маңызды шешімдер қабылданар кезде ескерілді. Осыған байланысты, 2012 жылы Интегралдық қуаттың жаһандық рейтингінде (РҒА экономикалық стратегия институты) экономикалық факторлардың қатарында мемлекеттің «қатаң» және «икемді»
іс-әрекеті ескеріліп, сыртқы саясаттағы жетістіктері, ішкі тұрақтылық, көшбасшының халықаралық аренадағы беделі және ұлттық қауіпсіздік деңгейі сарапталғанда Қазақстан 34 орынды иеленуі заңды еді.
Қазақстандық дипломаттар халықаралық ұйымдардың басшылық қызметтеріне сайлана бастады. БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун 2011 жылдың наурыз айынан 2013 жылдың қазан айына дейін Қ-Ж. Тоқаевты БҰҰның Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы Бөлімшесінің Бас директоры қызметіне тағайындады.
Қазақстан дипломатиясының басты айырмашылығы – өзара тиімді шешімдерді мақсат тұтатыны, халықаралық проблемаларға жаңашыл қадаммен келетіні, жаңа диалогтық тетіктерді құратыны, толеранттылық пен
теңқұқықтықты ұстануы болып табылады. Бұл қадамдарын Қазақстан БҰҰ да байқатты және ШЫҰ, ЕҚЫҰ, ОИС, ҰҚКҰ, ЕАЭО, Түрік Кеңесіне Төрағалық еткенде де ұстанды. Тәуелсіздік жылдарындағы жинақталған салмақты
дипломатиялық капитал Қазақстан Республикасын БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес өкілі ретінде ұсынылуына алғышарт болғаны анық.
Қазақстанның 2017–2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес өкілі болып сайлануы 2016 жылы 28 маусымда Нью-Йоркте, БҰҰ-ның штаб-пәтерінде өтті. Келесі күні Елбасы халыққа өз Жолдауымен үн қатты.
«Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес өкілі болып сайлануы – біздің тарихи жетістігіміз. Бұл – Қазақстан халқының есеюінің айғағы, еңбек сіңірген ұлттық табысы» деді ол.
2016 жылғы 30 маусымда БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун Н.Назарбаевты Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес өкілі болып сайлануымен құттықтады. Сайлаудағы дауыс берудің нәтижесі – бұл Қазақстанның белсенді жүргізіп келе жатқан сыртқы саясатына берілген зор баға деп атап өтті.
Болашақты дәл болжаған саясатының арқасында, Қазақстанның халықаралық біртектілігі «қалыпты» ортаазиялық формат шеңберінен асты. Қазақстан Республикасы – ірі еуразиялық мемлекет – нақты аймақта да,
сондай-ақ әлемдік деңгейде де прагмативті түрде маңызды рөл атқарды.
Халықаралық беделі жағынан Қазақстан 2010-жылдары-ақ әлемдегі алдыңғы қатардағы отыз елдің деңгейіне көтерілді. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес өкілі болып енуі – осы деңгейдің дәлелі
болып табылады.