БАДАМ КАНАЛЫНДА СУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ САЛЫНБАҚ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданын аралау барысында Маятас тұрғын алабындағы «Бадам» каналына барды. Мұнда инвесторлар арқылы су электр станциясының құрылысы жүргізілмек.
«Бадам» каналындағы кіші су электр станциясының қуаттылығы 1МВт болады деп жоспарлануда. Бұл қалалық орта үшін шуылы өте аз инновациялық суасты станциясы. Өндіріс қуаты жылына 8,5 млн. КВт.
Жобаның құны – 738 миллион теңге. Яғни, жабдық сатып алу, су электр станциясының ғимаратын салу, 1,5 км құбыр тарту жұмыстары атқарылады.
Сонымен қатар, су электр станциясы заманауи инновациялық технологиялармен жабдықталады. Атап айтқанда, Германияның DIVE технологиясы бойынша жұмыс істейтін болады. Жаңа станция құрылысында 16 адам жұмыспен қамту көзделуде.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі