БІЛІМ БЕРУ САПАСЫ БАҒАЛАНАДЫ

Жаңа заманның әр маманы өз ісінің білгірі болуы шарт. Егемен елдің еңсесін тіктер ұрпақты тәрбиелеп жүрген ұстаздар қауымының да әр кезеңде біліктіліктерін жаңартып, білімдерін жаңалап алғаннан ұтары мол. Жаңартылған мазмұн шеңберінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың өлшемшарттық жүйесі енуде, ол өңірдің, мектептің орналасқан жеріне және оқыту тіліне қарамастан оқушылардың оқу жетістіктерін объективті және тең бағалауды қамтамасыз етеді.
Орта білім беру сапасын бағалаудың тиімділігін арттыру үшін ҰБТ екі кезеңге бөлінді: мектептегі қорытынды аттестаттау және жоғары оқу орнына түсу емтиханы. 2019 жылдан бастап ҰБТ ақылы негізде ЖОО-ға түсу үшін
жылына 4 рет өткізіледі. Жоғары білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз етудің балама тетігі ретінде негізгі немесе қайта тестілеу нәтижелері бойынша шекті деңгейден өтпеген талапкерлер үшін ЖОО-ға «шартты түрде қабылдау» жүйесі енгізілді.
2018 жылдың мамыр айынан бастап қазақстандық педагогтер аттестаттаудың жаңа жүйесіне көшті. Жаңа жүйе бойынша педагог кадрлардың 42,5 %-ы аттестаттаудан өтті (14,1 % – педагог-зерттеуші және педагог-шебер санаты, 15,6 % – педагог-сарапшы санаты, 12,8 % – педагог-модератор санаты). Жинақталған тәжірибе мен халықаралық практиканы ескере отырып, педагог кадрларды аттестаттау жүйесін одан әрі жетілдіру талап етіледі.
Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар желісінің өсуін ынталандыру үшін 2011 жылдан бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау тоқтатылды. Осы кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар желісі 1,5 есе өсті, бұл ретте жекеменшік ұйымдар 7 еседен асты (2011 ж. – 449 бірлік, 2018 ж. – 3749 бірлік). Сонымен қатар, жұртшылық тарапынан балабақшалардың материалдық-техникалық жабдықталуына және ондағы тәрбие процесінің сапасына көңіл қуантарлықтай.
2017 жылдың қаңтарынан бастап жоғары оқу орындарын мемлекеттік аттестаттау халықаралық аккредиттеумен алмастырылды, ал 2018 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдарды, мектептер мен колледждерді мемлекеттік
аттестаттау профилактикалық-алдын алу сипатына қайта бағдарланды.