БІР ТӘУЛІКТЕ 49 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ

Шымкент қаласында 19 сәуір күнге КВИ-дің 49 жағдайы тіркелді (белгілері бар — 32, белгілері жоқ — 17). 20 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 29 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1290 орын бар төсек орын толымдығы 34%-ды құрайды, 846 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 444 науқас емделуде (КВИ-274, пневмония- 156, ЖРВИ- 14), жансақтау бөлімінде — 19(7 ИВЛ,12- НИВЛ).

Жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 349 518, тәулігіне 1312. Ал, бір тәулік ішінде қалада 4913 адам вакцина алды
(I компонент-4790, II компонент- 123). Егу науқаны басталғалы барлығы 67 887 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 6918 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Өздеріңіз бен жақындарыңыздың денсаулығы үшін санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі