ШЫМКЕНТТІК МЕРГЕН — РЕКОРДСМЕН

Биылғы XXXII жазғы Олимпиада Ойындарына лицензия жеңіп алған жүлдегердің бірі Сәрсенкүл Рысбекова. Ол спорттың стенд ату түрінен жарысқа қатысады.

1998 жылы Шымкент қаласында туған. Қазіргі таңда ОҚУ-дың 4 курс студенті. Отбасының тұңғышы.

Стенд ату спорт түрінен Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Еліміздің Рекордсмені.

Ол 2015 жыл — Әлемдік Жастар Кубогының жеңімпазы, 2017 жыл — VII Азия Чемпионатының қола жүлдегері, 2018 жыл — VIII Азия Чемпионатының күміс және қола жүлдегері, 2018 жыл — «HH Sheikha Fatima Bint Mubarak » ​күміс жүлдегері, 2018 жыл — «The International Youth Cup» жеңімпазы, 2019 жыл — XXX жазғы Бүкіләлемдік Универсиаданың қола жүлдегері (Италия), 2019 жыл — XIV Азия Чемпионатының командалық есепте жеңімпазы (Катар), 2019 жыл — XIV Азия Чемпионатының күміс жүлдегері(Катар), 2021 жыл — Әлем Кубогының командалық есепте қола жүлдегері (Египет), 2021 жыл — Әлем Кубогының командалық есепте қола жүлдегері (Үндістан).

Мұндай жетістік, әрине, талмай еңбек етудің және білікті бапкердің нәтижесі. Бүгінде Сәрсенкүлді Оксана Середа жаттықтырады. Жаттықтырушысы мергеннің жауапкершілігі зор, алға қойған мақсаты биік екенін алға тартады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі