COVID-19: КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ МАҢЫЗДЫ

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 22 мобильдік топ жұмыс атқаруда. Бүгінде олар күшейтілген күн тәртібінде жұмыс жасап жатыр.
Мобильдік топ 1 сәуір күні 356 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның шінде 17 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды (337 кәсіпкерлік нысан, 19 жеке нысан).

Сонымен қатар, қалада 1 сәуір күнге КВИ-дің 96 жағдайы тіркелді (белгілері бар — 60, белгілері жоқ — 36). 60 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 36 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1380 орын бар (қалалық инфекциялық орталық-560, Атамекен клиникасы-500, ЖШС «14 емдеу орталығы»-320 орын), төсек-орын толымдығы 22%-ды құрайды, 1067 төсек орын бос.

Өткен тәулікте 2329 адамға ПТР алынды.

Тұрғындар назарына!
Карантин талаптарын сақтап, қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырамыз. Сіздің саулығыңыз — ел саулығы екенін ұмытпаңыз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі