ЭКСПО көрме кешенінің аумағы Наурыз мейрамы тойланатын басты алаң болмақ
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Астана қаласы әкімдігімен бірлесе отырып, 21 наурызда сағат 13.00-де және 22 наурыз сағат 10.00-де басталатын ауқымды мәдени ойын-сауық бағдарламасын әзірледі. ЭКСПО көрме кешенінің аумағында Этноауыл ұйымдастырылып, онда келген қонақтар ұлттық ойындар сайысына қатысып, дәстүрлі тағамдардан дәм татып, қазақ мәдениеті мұражайын, тазы мен төбеттер көрмесін тамашалай алады.
Одан бөлек, ЭКСПО туристік аймағы нысандары сіздер үшін қараңғы түскенше жұмыс істейтін болады. «Нұр Әлем» — «Болашақ энергиясы» мұражайы мен Үздік тәжірибелер аймағы сағат 21.00-ге, ЭКСПО мұз айдыны 23.00-ге дейін жұмыс істемек.
Көрме аяқталғаннан кейін туристік аймақтағы ЭКСПО-2017 мұрасының ең маңызды нысаны, сөзсіз, «Нұр Әлем» павильон-мұражайы болып табылады. Ол 2017 жылғы қарашада ерекше қорғалатын мемлекеттік сәулет нысаны болып танылды.
Сондай-ақ, «Нұр Әлем» шетелдік БАҚ-та елордамыздың жаңа символы Астананың ең жиі ескерілетін туристік нысаны қатарында. Сарапшылардың сөзіне сүйенсек, «Болашақ энергиясы» мұражайы Париждің Эйфель мұнарасы және Лондонның Хрустальды сарайы сияқты Қазақстанның белгілі көрікті нысанына айналу мүмкіндігі зор.
Үздік тәжірибелер аймағы – ЭКСПО-2017 символикалық орталығы. Онда ең үздік технологиялар, жобалар мен әртүрлі энергетика саласындағы стратегиялар ұсынылған. Онда өнеркәсіпте, электрқуатын сақтау мен қолдану, климаттың өзгеруімен күрес немесе дамушы елдерде электрэнергиясымен қамтамасыз ету жолдары қарастырылған.
Көрме кешенінің маңында Конгресс-орталығы орналасқан. Конгресс-орталығы ауқымды мәдени ойын-сауық шаралар, тақырыптық форумдар мен концерттер өткізуге барлық мүмкіндіктер қарастырылған.
Энергия холы — камералық концерттер, өнер топтарының қойылымдары үшін жоғарытехнологиялық дыбыстық құрылғыларымен жабдықталған, көпфункциялы сахна алаңы.
Бұдан бөлек, ЭКСПО-2017 аумағында келушілердің жайлылығы үшін 1000 автоорындық жерасты тұрағы қарастырылған. Тұрақ тәулік бойы жұмыс істейді.