ЕЛ ҚАМЫН ОЙЛАҒАН ЕЛБАСЫ

Тәуелсіздігіміз енді ғана қолымызға тиіп, әрі қарай жүрер жолымызды, барар бағытымызды айқындап ала бастаған шағымызда-ақ Елбасы елдің берекесі мен қуатының бастауы — ел ішіндегі тыныштық, біртұтастық деген еді. Біз соңғы жылдары беттерін аршып, ашып, ақтара бастаған тарихымызды қауіпті де қатерлі сәттер, кезеңдер аз болмаған. Екі жүз жылға созылған қазақ-жоңғар соғысы секілді ұзақ қырғын әр халықтың тарихында бола бермеген. Сол соғысты ақыры жеңіспен аяқтап, өз елін түбегейлі азат етіп құтқарып қалған күш — қазақтардың өз ауызбірлігі, өз ішіндегі ынтымақтастығы мен тұтастығы еді.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаетың күнделікті қиындық-қарбаластар арасынан ел тағдыры, мемлекет болашағы үшін аса маңызды, ерекше орны бар мәселе — проблемаларды үнемі есінде ұстап, көзден таса қалдырмай отырғаны ұнайды. Ғылымды бағалаған ғалымды қадірлейді. Президенттік сыйлықтардың қалам қайраткерлеріне берілетіндігі де оның терең ойлы, салиқалы шығарма-туындыларды бағалайтынын білдіреді. Өнердің ішінде музыкаға ерекше мән беріп, көңіл аударып отырады.

Ендігі біздің дербес елдің де, Елбасының да нысана-межесі — экономика деңгейі. Иә, бүгінгі екі ғасыр аралығында тұрған сәтте өткенді талдап, саралап, болашаққа көз саламыз. Нұрсұлтан Назарбаевтың бірнеше кітаптарының атында «ғасыр» деген сөздің болуы, жолдау-бағдарламасының «2030» деп аталуы Елбасының болашаққа көз тігетінін, елі үшін үлкен жақсылық күтетінін білдіреді. Сол үміт, сол арман — әрқайсымыздың да арманымыз. Өміріміздің мәңгі заңы — үнемі үздіксіз өзгеру, жаңару, жақсару, дүние тегершігі алға қарай айналады, көлеңкеден сәулеге, аласадан биікке ұмтылады. Бүгінде Қазақстан дамыған экономикалы, аяғына нық тұрып, жарқын болашақты, гүлденген мемлекет. Бас қалада биік, аспанмен тілдескен ғимараттар, түрлі ойын-сауық кешендері бар, инфрақұрылымы дамыған тамаша қала. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар келіп, әсем қаланы тамашалауда. Осындай бейбіт те тыныш елде өмір сүру — үлкен бақыт, қуаныш.

Елбасымыз әманда ел қамын ойлап, халқы үшін аянбай тер төгуде. Қазақ елінің жағдайын жақсартып, ел ішіндегі бейбітшілік пен татулықты сақтап, аспанымыздың ашық болуы үшін тырысып бағуда. Ел үшін жасап жатқан еңбегінен жүрегінде жатқан халқына деген зор махаббатты аңғаруға болады. Елін сүйген елбасымыз аман болсын!