ЕЛБАСЫ ЕҢБЕКТЕРІ ӘР АЛУАН ТАҚЫРЫПТЫ ҚОЗҒАЙДЫ
Елбасы еңбектерін тақырыптарына және мазмұнына қарай түрліше топтасақ болады. Оларды мазмұны жағынан: саяси, әлеуметтік, экономикалық мәселелерге, халықаралық қатнастарға немесе сыртқы саясатқа, ұлттық қауіпсіздікке, ұлттар достығына, қазақстар қауымдастығына, ұлт тарихына, ел келешегіне арналған еңбектер деп бөлуге болады. Әрине, оның бәрі шартты түрдегі сыныптаулар екендігі түсінікті. Өйткені Нұрсұлтан Әбішұлы еңбектері ел өмірінің барлық саласын қамтиды, сондықтан олардан әр алуан мәселелер бойынша маңызды мәліметтер алуға болады.
Пайда болу формасы жағынан да Елбасы еңбектері әр алуан болып келеді. Олар: заманхаттық сипаттағы еңбектер, естеліктер, ой толғаулар, сұхбаттар, Жолдаулар, баяндамалар, мақалалар т.т. Кейде осылардың бірнешеуі кездесетін күрделі еңбектер де бар. Олардың әр қайысы да өздеріне сай деректанулық талдау тәсілдерін қолдануды қажет етеді. Сонымен қатар Елбасы туындыларының арасында өзінің пайда болу формасы жағынан ерекше туынды болып табылатын — өлеңдер де бар. Н. Назарбаевтың халық арасына кең тараған бірнеше ән мәтіндерінің авторы екендігі көпшілікке белгілі. Бодандық қойнауында дүниеге келіп, бүгінгі күні еліміздің ән-ұранына айналған “Менің Қазақстаным” да Назарбаев сөздерімен толықтырылып, тәуелсіз елдің ән-ұраны дәрежесіне ие болды.