ЕЛБАСЫ ШЕШІМІ — ТАРИХИ СӘТ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанды отызға жылға жуық басқарып, өз өкілеттілігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсыруы халыққа ғана емес, өзге елдердің Президенттеріне де күтпеген жағдай болды. Әлем халықтарының басшылары Елбасының көреген шешіміне ризашылығын білдіріп, сәттілік тілеп жатты. Сол кездегі АҚШ Президенті де өз жүрекжарды лебізін білдірген болатын.

Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп:

Сіздің еліңіз үшін аса маңызды тарихи сәтпен құттықтаймын. Сіз басқарған 30 жылға жуық уақыттың ішінде елге мол мұра қалдырдыңыз және билік транзитін конституциялық процедураларға сай жүзеге асыру шешіміңізге қолдау білдіремін. Сіздің өткен жылғы Ақ үйге сапарыңыз АҚШ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған нақты қадам болды.