ЕЛБАСЫНЫҢ ДАНАЛЫҒЫ
Біздің еліміздің тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы ел билеген кезде жүргізген сарабдал саясаты мен сұңғылалығынан бөлек, басшы емес адам ретінде де көреген басшы, парасатты ақсақал. Жастайынан санасына мол білім тоқып өскен бала Нұрсұлтан кемеліне толып, ел ағасына айналған Нұрсұлтан болғанда аузынан пайымы мол сөздер шығатын арда азаматқа айналды. Оның қанатты сөздері іспеттес ғибратты сөздерін назарларыңызға ұсынамыз.
«Уақыт жалдам, ол өзінің тәртіптерін ұсынады және ешкімді де күтіп тұрмайды. Біз – ғасырлар бойы әлемдік өркениеттердің тоғысқан жерінде өмір сүрген әулеттердің ұрпақтарымыз».
«Адам қашанда жақсылық пен жамандықтың, жарық пен қараңғының, махаббат пен өшпенділіктің, білімділік пен надандықтың арасындағы мәңгілік таңдаудың иесі».
«Айқын мақсатсыз адам да, билік жүргізуші құрылым да, қоғам да өмір сүре алмайды».
«Егер біз Отанымыздың нағыз патриоттарымыз десек, халыққа жақсы өмір бергіміз келсе біз қиындықтарға баруымыз және оларға шыдауымыз керек».
«Елдің бәсекеге қабілеттілігі әрбір азаматтың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік туғызған қолайлы сәт».
«Дүниені өзгерткің келсе алдымен өзіңнен баста».
Елбасының аузынан шыққан бұл сөздерден Елбасының бір қырын, биік бейнесін байқаймыз, парасатты жолын парақтаймыз, ізгілікті қамқорлығын бағалаймыз. Ел және Елбасы деуіміздің өзі тектен тек емес. Ол байырғы Мемлекет басшысына деген халықтың, оның ішінде ауыл адамдарының шын пейіл шынайы алғысынан және елімізді басқарудағы Елбасының парасатты қызметіне, Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы әлеуетіне, Тәуелсіздік тұғырымен теңдессіз жасалған жұмыстар туралы ақтарылған ақ пейілдер тоғысынан туындады.