ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАЗАҚ-РЕСЕЙ ҚАТЫНАСЫНА АРНАҒАН ЕҢБЕГІ

1998 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қалың елім, қазағым” және “Қазақстан-Ресей қатынастары” деп аталатын екі еңбегі жарық көрді. Екі еңбекке де тән ортақ ерекшелік, екеуінің де жинақ түрінде дайындалып, жарық көруі. Бірінші кітапқа Н. Назарбаевтың Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төралқасының Төрағасы ретінде қазақ халқының өткен тарихы, бүгіні мен болашағы және шет елдердегі қазақ диаспорасы жайлы әңгіме-сұхбаты, баяндамалары мен сөйлеген сөздері енсе, екінші кітапқа Қазақстан Республикасының ең ірі көршісі және стратегиялық серіктесі Ресей Федерациясы арасындағы қатынастар туралы айтылған баяндамалар, сөйлеген сөздер, мақалалар, сұхбаттар енген. Екі туындының дайындалу және жарық көру формалары ұқсас болғанымен, екеуі тарихымыздың екі түрлі саласынан мәлімет беретін екі бөлек дерек көздері болып табылады.

“Қалың елім, қазағым” жинағына ХХ ғасыр соңына қарай өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп, өз жерінде, ата мекенінде өз мемлекетін қайта құра бастаған қазақ ұлтының тарихы мен тағдырына, бүгіні мен келешегіне арналған дүниелер енген. Демек, олардың пайда болуы, жаңа мемлекет қалыптасырушы негізгі ұлт ретінде, қазақтардың тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігін қалыптастыру ісіндегі ерекше орнымен айқындалады.  Ал, “Қазақстан-Ресей қатнастарына” енген дүниелердің пайда болуы тарихи, географиялық, әсіресе әлеуметтік және т. б. әр түрлі факторлрға байланысты Қазақстан тарихы үшін де, бүгіні мен келешегі үшінде Ресейдің алатын ерекше орнынан туындаған.

Аталмыш екі еңбектің де тарихқа қосар сүбелі үлесі бар, өз дәуірінің айнасы деуге татырлық дүниелер.