ЕЛДЕГІ ХАЛЫҚ САНЫНЫҢ ӨСУІ

Қазақстандағы өмірдің едәуір жақсарғанын демографиялық және миграциялық үдерістер де айқындады. Әл-ауқаттың артуы және денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістер бала туу мен тұрғындар санының артуына да тікелей әсер етті. Бала туу көрсеткіші Қазақстанда жақсы өсім байқатты: 1998 жылмен салыстырғанда елде 2010 жылы сәбилердің дүниеге келу көрсеткіші 63 процентке өсті. 2005 жылы халықтың табиғи өсімі (өлім-жітіммен салыстырғанда бала туудың көп болуы) 121 мың адамға жетті. 1998 жылы табиғи өсім мың адамға
шаққанда 4 адам болса, 2010 жылы 13 адамға жетті. Осылайша халықтың әл-ауқатының негізгі демографиялық көрсеткіші – тұрғындардың табиғи өсімі – 2000 жылдарда үш еседен артық ұлғайды. 2003 жылы Қазақстанда
өте маңызды демографиялық ілгерілеу болды: тұрғындар санының көбеюі
басталды.

2009 жылдың ақпан-наурыз айларында екінші ұлттық халық санағы өткізілді. Қазақстан халқының саны 16 миллион адам болды. 1999 жылғы санақпен салыстырғанда халық санының өсімі миллион адамға жетті. Қалалықтар үлесі – 54 процент, ауыл тұрғындарынікі 46 процент болды.
Қазақ ұлты заңды түрде көбейе бастады: 2005 жылы республикада оның үлесі 57 процент болса, 2010 жылы 63 процентке жетті. Өсімнің оң динамикасы кейінгі жылдары да жалғасты. 2010 жылы Қазақстанда 10 миллионыншы қазақ дүние есігін ашты.