ЕЛДІҢ АБЫРОЙЫН АСЫРҒАН ЭКСПО-2017
Бүгінде астанада халықаралық маңызы бар түрлі форумдар, конгрестер мен өзге де іс-шаралар өтетін Еуразия кеңістігінің орталығына айналды. Соңғы жылдар ішінде Қазақстанның елордасы бірнеше рет барша әлемдік қоғамдастықтың басты назарында болды. Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері, Астана экономикалық форумы және өзге де маңызды халықаралық оқиғалар тұрақты түрде өтіп келеді. Нұр-Сұлтанда ЕҚЫҰ-ның тарихи саммиті, ШЫҰ мен ИЫҰ-ның мерейтойлық саммиттері болып өтті. 2011 жылдың басында республиканың елордасы VII Қысқы Азия ойындарының қатысушылары мен қонақтарын қабылдады.
2017 жылы елордада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі өтті, оған Есіл өзенінің сол жағалауында көрме кешені — ЭКСПО-қалашығы бой көтерді. «ЭКСПО-2017» көрмесінің архитектуралық символына айналған көрме кешенінің орталық нысаны «Нұр әлем» деп аталады. Алып шар тәрізді ғимарат – әлемдегі ең үлкен сфера. Оның диаметрі 80 метр болса, биіктігі – 100 метр. Сегіз қабаттан тұратын нысанның әр қабаты ғарыш, күн, биомасса, жел, су және кинетикалық энергияға арналған. Ал сегізінші қабат «Астана – болашақтың қаласы 2050» экспозициясына арнайы бөлінген.
Аталмыш сфераның төменгі табанындағы 5 мың шаршы метр аумақта Ұлттық павильон болады. Павильон «Қазақстанмен танысу» және «Жасампаздық энергиясы» атты екі басты тақырыпты қамтиды. Павильонның бірінші бөліміне ландшафт, мәдениет, тарих, Қазақстанның өткені мен болашағы туралы мәліметтер беріледі. Ғарыш, күн, биомасса, жел, су және кинетика – қуат көздерінің негізгі түрлері сандық, мультимедиялық және интерактивті технологиялар арқасында келушілердің назарын аудармақ.
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналды.