ЕНДІ ТҮНГІ САҒАТ 00:00-ГЕ ДЕЙІН КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛАДЫ

Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлім етті.
– Қазіргі таңда коронавирус індетінің өршуіне байланысты Шымкент қаласы «қызыл аймақта» тұр. Осыған орай, Шымкенттегі мемлекеттік және жекеменшік барлық емханаларда түнгі сағат 00:00-ге дейін коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға болады, — деді қаланың бас дәрігері.
Айта кетейік, қоғамдық орындар мен арнайы мекемелерде ұйымдастырылған егу пунктеріне кез келген қала тұрғыны келіп, ерікті түрде вакцина салдырса болады. Екпеден бұрын азамат міндетті түрде сауалнама толтырып, дәрігердің тексеруінен өтеді. Қарсы көрсетілімдері болмаса, ковидке қарсы вакцина салдыруына болады.