Шымкентте газ құбырына құжаттар рәсімдеп беремін деп алдап кеткен алаяқ ұсталды

2021 жылдың 23 сәуірде Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында 2020 жылдың 30 желтоқсан күні мемлекеттік газ құбырына заңды құжаттар рәсімдеп беремін деп 150.000 теңге алып, уәдесінде тұрмай хабарсыз кеткенін жазып көрсеткен.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші аудандық полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі басқармасының Учаскелік полиция инспекторларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің 23 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі