ЕУРАЗИЯҒА ЕСІК АШҚАН ҚАЗАҚСТАН

Елбасы 2012 жылдың мамыр айында Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында мүлде жаңа көлік жүйесін – Қытай мен Еуропа аралығындағы Қазақстан арқылы өтетін «Жаңа Жібек жолы» бәсекелік жобасын құруды ұсынды.
Қазақстанның бастамасы үлкен қызығушылық туғызды. 2013 жылдың қыркүйегінде ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Назарбаев Университетінде сөз сөйлеп, тыңдаушыларға Жібек жолының экономикалық белдеуі жобасын жайып салды.

Қазақстанның ең ірі автомобиль жолдары жобасы – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» (Ляньюньган – Чженчжоу – Ланьчжоу – Үрімші – Қорғас – Алматы – Қордай– Тараз – Шымкент – Қызылорда – Ақтөбе – Орынбор – Қазан – Мәскеу – Санкт-Петербург) халықаралық көлік дәлізі болды. Жалпы ұзындығы 8 мың шақырымға созылатын бұл дәліз – ҚХР-дан ЕАЭО елдеріне автомобиль тасымалдарын, содан соң Еуропаға жүк жеткізуді жылдамдатады. Бұған Орталық Азия елдері де қол жеткізе алады. 2016 жылдың аяғында дәліздің қазақстандық бөлігінде қозғалысқа жол ашылды.

2014 жылы желтоқсан айында ҚХР шекарасы жанындағы «Қорғас – Шығыс қақпалары» құрғақ айлағын іске қосу жұмысы басталды. 2020 жылға жоспарланған жүк өңдеу көлемі – 4,4 миллион тонна. Құрғақ айлақтың инфрақұрылымы толығымен жасалған, темір жол және автомобиль жолдарымен байланыса отырып, Еуропа мен Азияға жетудің ең қысқа жолын
қамтамасыз ететін маңызды логистикалық торапқа айналды.
Ляньюньган айлағындағы қазақстандық терминал, «Қорғас – Шығыс қақпалары» құрғақ айлағы және Ақтау теңіз айлағы – бұлар Қазақстанның табандылығының арқасында пайда болған трансконтиненталды жүйенің маңызды тіреуі. Бұл торапты нүктелер Қазақстанға жүк жеткізуді де, транзиттік тасымалды да қамтамасыз етеді. Ляньюньган айлағындағы Қазақстанның логистикалық аймағы ғана Қазақстан территориясы арқылы өтетін жүк тасымалы нөпірін 7 есеге өсіреді. Кең көлемді ынтымақтастықтың нәтижесінде 2011 жылдан бастап, Қытай – Қазақстан – Ресей – Беларусь – Еуропа бағытында контейнерлі пойыздар тұрақты түрде 12-15 тәулік ішінде қатынай бастады. Егер жүк Қытайдан Еуропаға
Оңтүстік теңіз жолы арқылы 45-60 күнде, Солтүстік теңіз жолы арқылы 33-35 күнде жеткізілсе, ал Транссібір торабы небәрі 18-ؘ20 күн ішінде жеткізеді.

Қазақстан арқылы ҚХР – ЕО – ҚХР контейнерлік тасымалы 2016–2017 жылдары екі есе өсті. 2020-шы жылдардың аяғына қарай Қазақстан арқылы

өтетін транзитті контейнерлік пойыздар саны онжылдықтың басымен салыстырғанда 40 есе өседі деп болжауға болады. Қазақстан арқылы әуе көлігімен өтетін транзитті жолаушылар тасқыны 2010-шы жылдармен салыстырғанда 20 есе өсті. Қытайдан Иранға Қазақстан арқылы өтетін контейнерлі маршрут іске қосылды. Қытайдан Қазақстан, Каспий теңізі, Әзербайжан, Грузия, Түркия арқылы Еуропаға баратын транскаспий бағыты бойынша жұмыстар жүргізілді. 2015 жылдың шілдесінде Каспий арқылы асатын алғашқы контейнерлі «Nomad Express» пойызы іске қосылды.

2010-шы жылдары жаһандық логистика индексінде Қазақстанның рейтингі жоғарылады. 2016 жылы Қазақстан 160 елдің арасында 77 орынға көтеріліп, ЕАЭО пен ТМД-нің барлық елдерінен озық тұрды.