ГАРВАРД ТҮЛЕГІ ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қуаныш Ерғалиев ҚР Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды.
Ерғалиев Қуаныш Асылханұлы 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Қуаныш Ерғалиев Қазақ ұлттық медицина университетін, Тулейн университетінде (АҚШ) магистратура, ал Гарвард университетінде докторантура бағдарламасы бойынша оқу бітірген.
2006 жылдан 2014 жылға дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде әртүрлі қызметтерде, соның ішінде басшылық лауазымдарда қызмет етті.
2014-2019 жылдары Назарбаев Университетінде жұмыс істеді.
2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Сүлейман Демирел атындағы (СДУ) университеттің ректоры болды.
Қуаныш Асылханұлы министрлікте жоғары білім және ғылым мәселелеріне жетекшілік ететін болады.
Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.