ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

«Күш — білімде» екенін білетін қазақ үшін елдер арасындағы халықаралық ғылыми-техникалық байланыстардың маңызы зор. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болу үшін елге тұтқа болар тұлғалар тәрбиелеуден артық қандай инвестиция болуы мүмкін. Сондықтан, білім мен ғылымды дамытушы ортаны қалыптастыру мақсатында түрлі жобалар қолға алынуда.

Білім, әсіресе, ғылыми-техникалық жобалар (машиналар мен аспаптар сызбалары мен технологиялык сипаттамалар) саудасы әлемде кең таралған.

Арнаулы ұйымдар ғылыми-техникалық жобаларды (жаңалықтарды) тіркеп, өнертапқышқа оны пайдалану құқығына патент береді. Оның иесі патентін сатуына болады. Бірақ көп жағдайда ол патенттің өзін емес, лицензиясын сатады, яғни патентті ел ішінде немесе шет елде пайдалануға рұқсат береді. Сатушыға бұл тиімдірек, себебі патентті бірақ адамға сату мүмкіндігі болса, лицензияны бір уакытта ондаған, тіпті, жүздеген адамға сатуға болады.

Біздің елімізде көптеген өнертапқыштардың басты ғылыми ор-талықтарында дүние жүзіне әйгілі ғылыми өнер табыстары ашылды. Олардың қатарында түсті металдар ғылыми-зерттеу институты (Өскемен), Ұлттық ядролық орталық (Курчатов, ШҢО), мұнай және газ институты (Атырау), химиялық технология және ғарыштық зерттеулер институттары (екеуі де Алматыда) және т. б. бар. Дегенмен, әлемдік деңгеймен салыстырғанда елдің ғылыми-техникалық мүмкіндіктері аса жоғары емес. Ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарымен бар болғаны 14 мыңдай ғана адам айналысады (дүние жүзі ғалымдарының 0,25%-ы). Оларға бөлінетін қаржы мөлшері де көп емес (жалпы ішкі өнімнің 0,3%).

Қазақстанға қазіргі жаңа технологиялар мен жобалар шет елдік компаниялармен бірге келеді. Ғылыми-техникалық байланыстың тағы бір мысалы – әлемдегі ірі ғарыш айлақтарының бірі – Байқоңырда Қазакстанның «Бәйтерек» ракеталык-ғарыштық кешенін құру жөнінде Ресеймен ынтымактастық.