ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕР НӘТИЖЕ БЕРУДЕ
Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің тұрғындармен кездесулері барысында қордаланған өзекті мәселелерді шешуде жүйелілік пен қадағалау жұмыстары оң нәтижелер бере бастады.
Дәлірек айтқанда, жыл басынан бастап, Еңбекші ауданы тұрғындары көтерген жалпы 28 өзекті мәселенің бүгінде 16-ы оң шешімін тауып отыр.
Бұл жөнінде бүгін аудан әкімі Досбол Есілбек қала басшысының аудан белсенділерімен кезекті «ашық диалог» форматында өткен жиында баяндап, жиынға қатысқан аудан белсенділері тарапынан әрбір жұмыс нәтижелері расталды.
Жиынға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Зұлпыхар Сәрсенбайұлы, аудандық қоғамдық бақылау кеңесінің мүшелері және аудан тұрғындары қатысты.
Аудан бойынша 28 хаттамалық тапсырма берілген. Бүгінде 16 мәселе шешімін тапты. Қалғаны белгіленген кестеге сәйкес орындалу барысында.
Елтай тұрғын алабы Тоғыс өзеніндегі көпірге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша тиісті мекемелермен техникалық зерделеу жұмыстары қолға алынған. Күрделі жөндеу жұмыстары үшін ақау актісі әзірленіп, әкімдік қаулысы қабылданады.
Жұмыстарды маусым айында аяқтап, ЖСҚ құжаттамасын әзірлеуге қаржы қарастыру бойынша бюджеттік өтінім ұсынылады.
Бүгінде Абдулабад тұрғын алабында Кеңсай-2 көшесін орташа жөндеу және аяқ жол салу үшін сметалық құжаттар әзірленді (0,8 шақырым, 35 млн. теңге). Наурыз айындағы бюджеттік нақтылауға өтінім берілді.
Қарабастау тұрғын алабында «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-мен бүгінде 160 тұрғын үй электр қуатына қосылды. Абоненттеу жұмыстары наурыз айының соңына дейін аяқталады.
Жиында шаhар басшысы аудан әкімдеріне тапсырмалардың орындалу барысын пайыздық көрсеткіштермен ай сайын баяндап отыруды тапсырды.
Аудан белсенділері шешімін тапқан мәселелер бойынша ризашылығын білдірді.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі