ИННОВАЦИЯ МЕН ИНДУСТРИЯ — ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ЖҮРЕГІ

Елбасы Н.Назарбаев 2009 жылдың мамырындағы «Нұр Отан» партиясының XII съезінде, Үкіметтің ең басты міндеті – жаңа өндіріс орындарын құру және бұрынғы өндіріс орындарын жаңа заманға сай жаңғырту екеніне айрықша тоқталған еді. Шикізат экономикасын әртараптандыруға ешқандай балама жоқ. Елімізге жаңа сипатты өндіріс орындары керек. Тек осындай өндірістерде ғана жұмыс орындары заман талаптарына сай болады, соған
байланысты халықтың әл-ауқаты да артады.
Съезде бірқатар нақты күрделі жобалар туралы айтты. Бұлардың бәрі қаржы және кадр ресурстарымен қамтамасыз етілген нақты жобалар болатын. Бұның айналасында осы жобаны іске асыруға қатысатын жүздеген
бизнес-құрылымдар жұмыс істейді.

2020 жылғы стратегиялық жоспардың негізгі өзегі – 2010 жылдың19 наурызында бекітілген «Қазақстан Республикасының 2010–2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы» еді.
Жаңа бағдарламаның басты нысанасы – жалпы ішкі өнімді 2008 жылғы деңгеймен салыстырғанда, 50 процентке өсіру, өңдеуші секторда еңбек өнімділігін 50 процентке көтеру, шикізаттық емес экспорт үлесін 40 процентке жеткізу болды.
Ең бастысы – Қазақстан өндірісін жаңғыртуды индустрия мен инновация ажырамас бірлікте болатындай жаңа сапалық деңгейге көтеруді жоспарланды.

2010 жылдың сәуірінде Үкімет республикалық маңызы бар – 101 жобадан және 136 аймақтық жобадан тұратын Индустриаландыру картасын бекітті. Индустриаландыру картасы аймақтық-экономикалық жоспарлаудың сенімді құралына айналды. Карта мемлекетке бизнеспен бірігіп оңтайлы инвестициялық шешім қабылдауға және жеке сектор жобаларын инфрақұрылымды дамытумен ұштастыруға мүмкіндік туғызды.
Біздің табыстарымыз әлемде жоғары бағаланды. Дүние жүзіндегі ең ірі «JP Morgan» инвестициялық банкі төрағасының орынбасары Робин Ренвик 2010 жылдың маусымында былай деп мәлімдеді: «Қазақстанның болашағы жарқын. Өзге елдердей емес, Президент републиканы жаһандық дағдарыстан абыроймен алып шықты. Тұрақтылықты қамтамасыз етті. Ал бүгінде Қазақстанда жеделдетілген индустриаландыру басталды».