ҚАРТТАРЫН ҚУАНТҚАН ҚАЗАҚСТАН

Қазіргі кездегі зейнетақы жүйесін жаңғыртудың аса маңызды мақсаты – зейнетақы жинақтауының сақталуына және өсіміне кепілдік беру, сондай-ақ зейнетақы реформасында бүгінгі күні бетпе-бет келіп отырған
қиындықтарды жеңу.

Осы мақсатта 2013 жылы маусым айында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңға қол қойылды, осы жылдың шілдесінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» (БЖЗҚ) құрылды.

2014 жылы Зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы бекітілді. Бірінші кезеңде (2016-2020 жылдар) жинақтау жүйесін жетілдіру қарастырылды. Екінші кезеңде (2020-2030 жылдар) салымшылар мен зейнетақы төлемдерін алушылардың құқығын қорғау тетіктері күшейтіліп, зейнетақы арасындағы нақты байланыс, ж

Жаңғыртылатын зейнетақы жүйесі бұрынғыша көп деңгейлі болды. Бірінші деңгей – бюджеттен түсетін төлемдер (ортақ және базалық зейнетақы; ең аз кепілді зейнетақы). Екінші деңгей – жұмыскер мен жұмыс
берушінің міндетті сақтандыру жарналарының төлемдері. Үшінші деңгей – ерікті аударымдар.
2015 жылдың тамыз айында зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша Конституциялық заңға қол қойылды. Базалық зейнетақы бұдан былай зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалатын болды. 2018 жылдың қаңтарынан бастап, жаңа шартты-жинақтаушы компонент қолданысқа енді. Ол жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскердің табыс мөлшерінен есептелетін 5 процент міндетті зейнетақы
жарналарынан құралды.

2016 жылы ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге және экономиканы ынталандыруға бағыттау тапсырылды. Бұл инвестициялардың қайтарымы нарықтық мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылуы аса маңызды еді.
2010 жылғы зейнетақы төлемдерінің өсуі – жасы ұлғайған қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға және жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасында зейнетақымен қамсыздандырудың бірден-бір, барынша жоғары
деңгейіне жетуге мүмкіндік берді.