КӘСІП ДАМЫТУ ҮШІН 1 ПАЙЫЗБЕН НЕСИЕ АЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Шымкент қаласында қарқынды жүзеге асып жатқан ауқымды жобалардың бірі — «Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасы. Бұл бағдарлама жастар және әйелдер кәсіпкерлігін 1 пайыз жеңілдікпен қолдау болып табылады. Бағдарлама шеңберінде 21-29 жас аралығындағы жас ер кәсіпкерлер мен 21-58 жас аралығындағы кәсіпкер әйелдер қатыса алады.
Несиені алу үшін төмендегідей құжаттар қажет:
- Кәсіпкер ретінде тіркелгеніңіз туралы куәлік;
- Бизнес жоспар (түпнұсқа);
- Несие алушының жеке куәлігі және жұбайының және кепіл болған тұлғаның;
- Жеке кәсіпкер ретінде қарызы жоқ деген анықтама;
- Кепіл болатын жылжымайтын мүліктің құжаты;
- Кепілдіктің аресте емес екенін дәлелдейтін анықтама.
Аталған құжаттың барлығын «Бір терезе» қағидаты бойынша ФРОНТ-ОФИС консультанттары ЭЦҚ кілтіңізбен шығарып бере алады. Бізге жеке басыңызды куәландыратын құжатпен келсеңіз болғаны.
1% несие жер сатып алуға, қайта қаржыландыру және аксиздік (алкоголь, темекі) өнімдерге арналған бизнес түрлеріне берілмейді. Конкурсқа қатысқан үміткерлер арасында таңдау басымдығы бизнес-идеяның сұранысына аса мән беріледі. Бизнес-жоспар өткізу барысында басқа кәсіп түрлерінен артықшылығы, мамандардың тәжірибесі, жұмыс барысы ескеріледі. Несиені беру, бермеу банктің құзыретіндегі мәселе.