ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ ТОПЫРАҒЫНА ТҰНҒАН ТАРИХ
Қазақ үшін Атамекеннің бір шымшым топырағына дейін тұнып тұрған қасиет. Тұтас Түбі бір түркінің алтын бесігі Алтай, киелі Түркістан, ұлт ұясы Ұлытау және басқа да орындар – барша қазақ үшін қасиетті. Бұл жерлерге шетелден сан мың қазақ келіп, тағзым етіп жүр. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жасалған соң, ол шеттегі қазақтарға да таныстырылуы қажет. Алты алашқа ортақ құндылықтар бізді біріктіре түседі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарнамалық құжатында жалпыұлттық қасиетті мекендер ұғымының маңыздылығын атап өткен болатын. «Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол – ұлттық бірегейліктің басты элементтерінің бірі», – деп еді.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлаамасы аясында тарихи-мәдени ескерткіштеріміз біршама жаңғыртылып, қорғалғаны мәлім. Алайда, аталмыш бағдарлама барлық мәдени-тарихи сәулетті ескерткіштерімізді, киелі мекендерімізді қамти алмады. Осы орайда «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы еліміздегі барша географтардың, тарихшылар мен ғалымдардың, өлкетанушылардың басын қосып, барлық қасиетті жерлеріміз бен тарихи мекендерімізді елге танытады, қажетті деңгейде дәріптелуіне себеп болады деп күтудеміз. Жалпы мамандар аталмыш жоба ішкі туризмді дамытуға үлкен серпін береді дейді.
Сондай-ақ, қазақтың талай баға жетпес рухани қазыналары Қазақстаннан тыс жерде. Өткен ғасырда бір жылды «Ұлттық тарих жылы» деп жариялап, дүние жүзі бойынша қазақ тарихына қатысты құндылықтарды іздестірдік. Көп дүние жиналды. Кейіннен «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асырылды.
Жаңа кітаптар жазып, қазақтың аталы сөздерін, әндерін, философтар мұрасының жинағын шықты. Ғалымдарымыз шетелдерге жасаған ғылыми сапарлары арқылы көптеген құнды мұраларымызбен қайта табыстыруда. Рухани жаңғыру деген – бүкіл қазақтың жаңғыруы, бірлік деген – барша қазақтың бірлігі. Бұл – негізгі мәселе. Біздің қол жеткен табысымыз ел ішіндегі тыныштық пен бірліктің арқасы. Бірлігі жоқ елдерде не болып жатқанын көріп отырмыз. Қазақтың «Өсер елдің арманы бітпес, өспес елдің жанжалы бітпес»,- деген аталы сөзі бар. Қазіргі жаһандану дәуірінде рухани тұтастық қана қазақты ғасырлар сынынан сүрінбей өтетін Мәңгілік Ел етеді.