ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін реформалау жөніндегі бұдан былайғы шаралар туралы» 1997 жылғы 17 қарашадағы № 3761 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1998 жылғы 1 сәуірдегі директивасын орындау үшін, Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетін нығайту мақсатымен  1998 жылғы 1 маусымда құрылған.

Әуе қорғанысы күштерінің құрамына әскери әуе күштері, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері, әуе қозғалысын басқару органдары кіреді. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс құрамалары мен бөлімдері заманауи ұшақтарды, стратегиялық қанатты зымырандарды, барынша қашықтықтарда қарсыластың әуе шабуылының тактикалық және өзге де құралдарын жоюға қабілетті қуатты және заманауи С-200 ЗЗК және С-300 зениттік-зымыран кешендерімен жабдықталған.
ӘҚК-де жауынгерлік кезекшілікті ӘӘК-нің дайындалған жоғары білікті авиациялық мамандары, ӘШҚҚ әскерлерінің радиотехникалық және зениттік- зымыран есептоптары атқарады.

Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері өздерінің шеберліктерін ірі тактикалық оқу-жаттығуларда, практикалық сабақтар мен мемлекеттік ауқымдағы өзге де іс-шараларда бірнеше рет паш етті.