ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ МӘРТЕБЕСІ БИІКТЕГЕН ЖЫЛДАР

Тіл саясаты, бұрынғыдай, 2010-шы жылдары да мемлекеттік тілді дамытуға және қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын байытуға бағытталды.

Елбасы 2011 жылғы қаңтар айындағы Жолдауында қазақстандықтардың мемлекеттік тілді ықыласпен үйреніп жатқандарын атап өтті. Мемлекеттік тілді білетін тұрғындардың саны алғашқы онжылдықтың басында
67 процентке дейін жетсе, ал 2016 жылы 80 проценттен асты. Мемлекеттік қазақ тілі жыл өткен сайын қазақстандықтардың басым бөлігінің туған тіліне айналды.

2014 жылы Тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңі басталды. Қазақ тілі орталықтары жүйесін ұлғайту бойынша жұмыстар жалғасын тауып жатты. Мемлекеттік тілді оқып-үйренудің жаңа
технологиясы және бағалау стандарттары (ҚАЗТЕСТ) енгізілді. Әртүрлі теледидарлық тілдік бағдарламалар жасалды. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі» порталы белсенді жұмыс істей бастады, мұнда
ондаған пайдалы сервистер орналастырылған. Отыз томнан тұратын «Қазақша-орысша салалық сөздіктің» жаңа басылымы әзірленді.
Мектептерде мемлекеттік тілде білім беру ісін дамыту жолға қойылды. 2017 жылы елімізде қазақ тілінде оқытатын мектептердің саны 3,8 мыңға жетті.

2010-шы жылдары мемлекеттік тілді дамытуға байланысты үлкен міндеттер алға қойылды. Қазақстандықтарды, алдыңғы орында жастарды, тіл әлеуетін үнемі арттырып, байытып отыруға бағыт берілді. 2011 жылғы
қаңтар айындағы Жолдауда 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтардың үлесін 95 процентке жеткізу, ағылшын тілін білетіндердің санын 20 процентке дейін апару көзделді.

Дәл бұрынғыдай этностық тілдерге де қолдау көрсетілді. 2010-шы жылдары этномәдени орталықтардың өз үні болып табылатын алпыс газеті және сайттары он бес тілде жарық көрді. Неміс, корей, украин, ұйғыр,
әзербайжан, татар, түрік тілдеріндегі республикалық газеттер мемлекеттің қолдауымен шығып жатты. «Мәдениет және білім» телеарнасының эфирінде хабарлар ұйғыр, корей, неміс тілдерінде таратылып жатты. Екі жүзге жуық
діни және ұлттық мектептерде отыздан астам этностардың тілдері оқытылды.

2010-шы жылдары ағылшын тілін оқып-үйренуге деген қазақстандықтардың, әсіресе жастардың құлшынысы белгіленген межеден асып түсіп жатты. Онжылдықтың орта тұсында әрбір бесінші қазақстандық ағылшын тілінде сөйлей бастады (1990-шы жылдардың басында бұл көрсеткіш 2 процент қана болған).
Үш тілді қатар меңгерген қазақстандықтардың саны да өсе түсті, елімізде олардың саны 16 процентті құрады.

2016 жылы 1 наурызда, Алғыс айту күнінде, Елбасы: «Біз үштілділікке бағыт алдық және бұл – уақыттың таңдауы. Мемлекеттік тілді, ұлт құраушы этностың тілін білуге біз міндеттіміз. Сондықтан да балаларымызға қазақ тілін мектеп партасына отырғаннан бастап оқытамыз. Біз сонымен қатар, ағылшын тілін де білуіміз керек, өйткені бұл – инновация мен технологияның тілі. Орыс тілін ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде білудің маңызы зор», – деп айтқан еді.