ҚАЗАҚСТАН — ЭКОНОМИКА САЛАСЫНДА КӨШБАСШЫ

Қазақстан Тәуелсіздігінің отыз жылдығын қорытындылауды жалғастыра отырып, осы қысқа мерзім ішінде Қазақстан әлемнің неғұрлым дамыған және бәсекеге қабілетті 50 елінің арасында өз орнын иеленіп қана қоймай, сонымен қатар экономикасы, цифрландыру процесі, әлеуметтік саласы мен білімі, бұрынғы КСРО-ның көптеген республикаларын қоса алғанда, көптеген көрсеткіштер бойынша асып түсті деп нық сеніммен айтуға болады. Әрине, мұндай нәтижелерге қол жеткізу оңай болған жоқ. Көптеген сарапшылар Қазақстан Тәуелсіздігінің отыз жылын қорытындылай келе, халықаралық аренадағы жетістіктерден басқа, Қазақстан экономикасы дамуының оң үрдістерін көрсетіп, Қазақстанды Орталық Азияның экономикалық көшбасшысы деп атады.

Қазақстан өңірдің экономикалық олимпіне көтерілуді күрделі жағдайда бастады. ЭЫДҰ сарапшылары өз баяндамаларында атап өткендей, КСРО құлағаннан кейін нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезеңдерінде, 1992 жылдан 1995 жылға дейінгі кезеңде елдің нақты ЖІӨ 31% — ға төмендеді, бұл ретте инфляция үш және төрт мәнді белгілерге жетті (тұтыну бағаларының жыл сайынғы инфляциясы 1996 жылдың соңына дейін 100% — дан төмен болған жоқ), еңбек нарығында 1,6 млн жұмыс орны жойылды. 1997 жылғы азиялық қаржы дағдарысы мен одан кейінгі Ресей дағдарысының әсерінен жас мемлекеттің экономикалық көрсеткіштері құлдырауды жалғастырды. Жағдайды тек 1999 жылға қарай шеше алды, ал 2000 жылдан кейін экономиканы оң көрсеткіштерге шығарды. Сол кезде 2008 жылғы қаржы дағдарысына дейін экономиканың өсу қарқыны 9,4% деңгейінде белгіленді.

Көптеген сарапшылар Қазақстанның мұндай мықты қарқынмен дамуын «мықты саясат» деп қарайды. Қазақстанға, сөзсіз, соңғы 20 жылдың көп бөлігі сәттілік әкелді, бірақ ел өзінің сәттілігінен барынша пайда табу үшін көп күш жұмсады — көмірсутекті шикізаттың көптеген экспорттаушылары әлемдік нарықтағы қолайлы бағаларға қарамастан табысты болмады және пайда таба алмады немесе бағаның өсуіне дайын болмады. Қалыптасқан жағдайды талдай келе, Қазақстан билігі экономиканы әртараптандыруға бағыт алуға шешім қабылдады. 2010 жылдан бастап ел билігі тереңдетілген индустрияландыруға кірісті, бұл өңдеу өнеркәсібінің қазақстандық ЖІӨ-ге үлесін ұлғайтуға мүмкіндік берді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша оның үлесі 13 құрады. Жалпы қосылған құн 9,4 трлн теңгені құрады, өнім экспорты 5% — ға өсті. Мұның бәрі жабық шекаралар мен пандемия жағдайында. Соңғы 10 жыл ішінде Қазақстанда 1500-ден астам индустриялық жоба құруға қол жеткізілді, оның мемлекеттің ЖІӨ-ге қосқан үлесі барлық түсімдердің үштен бір бөлігін құрайды. Отандық фармацевтиканың 26,6% және машина жасаудың 20,6% деңгейінде белсенді өсу қарқыны байқалады. Осының барлығы Қазақстанға Орталық Азия елдерінің экономикалық көшбасшысы болып қалуға мүмкіндік береді: оның үлесіне бүкіл өңірдің жалпы ЖІӨ көлемінің шамамен 70% — ы тиесілі.