ҚАЗАҚСТАН ЕЛ ДАМУЫ ҮШІН «СИНЕРГЕТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРДІ» ҚОЛДАНҒАН АЛҒАШҚЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ БІРІ

Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап өз мемлекетінің дамуына «синергетикалық принциптерді» қолданған алғашқы мемлекеттердің бірі болған фактіні атап өтпеске болмайды. Бұл стратегияны пайдалану таза бәсекелестіктің элементтері марапатталып, мемлекеттік реттеушіліктің ашық желісін құрайтын мемлекеттік саясаттың жасалуы үшін түрлі құрылымдар жиынтығын талап етеді. «Саяси тұрақтылық бєрінен де жоғары. Азиялық қоғамдағы тәртіп пен реттілік демократиядан маңыздырақ, сондықтан соңғысы біртіндеп дамытылуы керек». Бұл Ли Куан Юдың саяси кредосы. Елбасы мұндай әдістің жанына жақын екенін ешқашан жасырған емеспін. «Әуелі экономика, ал сонан соң саясат» деген сөзді әрдайым айтады. Назарбаевты сол үшін де сынағандар болды. Алайда саясатты адамдардың жақсы тұрмысы мен тыныштығынан бұрын, бірінші кезекке қойған КСРО-ның құлауы ылғи да Елбасының көз алдында тұрады.